Сенбі, 23 Қараша 2024
2232 0 пікір 12 Мамыр, 2020 сағат 11:00

Беларусьта оппозиция президент сайлауынан бас тартты

Беларусьта өзін президент Александр Лукашенкоға оппозиция деп санайтын екі партия президент сайлауына қатысудан бас тартты.

Олар - "Беларусь халық майданы" (БХМ) және "Әділетті әлем" партиясы. "Пандемия кезінде сайлау өткізу - жауапсыздық әрі қауіпті. Еуропадағы елдер сайлауды кейінге шегеріп, одан да маңызды мәселелерді шешіп жатыр", - деді БХМ өкілдері.

"Әділетті әлем" партиясының өкілдері болса сайлау өткізу туралы шешімді "қылмыс" деп атады. "Коронавирус індеті күннен-күнге күшейіп бара жатқанда сайлау жариялау - халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді деп есептейміз" делінген партияның орталық комитеті таратқан мәлімдемеде.

Бұның алдында оппозициялық бес партия сайлауға ортақ кандидатын қосу жоспарынан бас тартып, аймақтардағы "праймеризден" тыс қалған.

Өткен аптада Беларусь парламентінің төменгі палатасы кезекті президент сайлауын 9 тамызға белгіледі. Қазіргі президент Александр Лукашенко саяси науқанға қатысатынын мәлімдеген. Ол елді 1994 жылдан бері басқарып келеді.

Сайлау коронавирус пандемиясы кезінде өтеді. Соңғы мәлімет бойынша, республикада 23 мың адамның вирус жұқтырғаны анықталған, 131 адам қатерлі індеттен қайтыс болған.

9 мамырда Минск қаласында Жеңістің 75 жылдығына орай шеру ұйымдастырылып, мерекелік концерт өтті. Оппозиция билікті халықтың жағдайын ойламайды деп айыптап отыр. Беларусьта карантин жарияланған жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498