Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4519 5 пікір 13 Мамыр, 2020 сағат 11:58

Көлгінов үнемдеген 32 млрд теңге қайдан шыққан?

Көлгінов үнемдеген 32 ярд теңге жайлы

Қ.Тоқаев пен оның айналасы коронавируспен күрес үшін бөлінген 6 000 000 000 000 (ТРИЛЛИОН) теңгенің есебін бере алмай қиналып жатқанда, бүгін Нұр-Сұлтанның әкімі А.Көлгіновтің көрегендігінің арқасында қала бюджеті үшін 32 млрд теңге үнемделді деген жаңалық шықты.

Егер ай сайын 1000 позитив коммент үшін бөлінген 125 млн теңгені есептейтін болсақ, онда А.Көлгінов мырза қала бюджеті үшін 32 млрд теңге емес, 31 млрд 875 млн теңге үнемдеген болып шығады. Бірақ әкімшілік қызметкерлері 125 млн теңгені шығын көрмейтін секілді. Жарайды, миллиондарды есептеп “ұсақталмай-ақ” қояйық.

Көлгінов мырзаның оптимизация саясатының жемісі жайлы Фейсбукте 2-3 кісі сүйінші сұрап бөліскен соң, позитив жаңалықтан мен де қуат алайын деп “Елорда Инфо” сайтына кіріп көрдім. Жаңалықты оқып шығып  32 млрд теңгенің қайдан үнемделгенін түсіне алмадым. Шынымды айтсам, өзімнің қазақ тілін білетініме күмәндана бастадым. Жаңалықтың мына соңғы абзацын оқып шығып мүлдем басым қатып кетті:

“…Қаланың бірқатар спорт ғимараты да сенімді басқаруға беріледі. Осылайша, сенімді басқару 10-15 жыл ішінде жергілікті бюджет қаржысын 23 млрд теңгеге (жыл сайын 1,5 млрд теңгеге) дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.“

Сонда үнемделген 32 млрд теңгенің ішіне “сенімді басқару” арқылы 10-15 жыл ішінде үнемделетін 23 млрд теңге кіре ме, кірмей ме? Егер 32 млрд теңгеге 23 миллиардты қосып есептесе, онда әкімшілік 55 млрд теңге үнемделеді деп жазар еді ғой…

Үнемделген 32 млрд теңгенің қайдан шыққанын түсінуге көмектесіп жіберіңіздерші, плиз.

Шалқар Нұрсейітовтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520