Қазақстан билігі көрші елдерде эпидемиологиялық жағдай тұрақталмайынша, шекараны ашудан бас тартып отыр.
Фаррух есімді өзбек мигрантының айтуынша, орыс-қазақ шекарасында тұрғандарына 10 күн болған.
– Бізге шекараны 11 мамырда ашады деп еді. Бірақ әлі ашпады. Мұнда 400-500 адам бармыз. Екі жолаушы автобусы тұр. Жолаушылардың бәрі өзбек азаматы. 100 шақты қырғыз көлігі тұр. Бәрі қазақ шекарасынан өте алмай тұр, – дейді сұқбат беруші.
7 мамырда қазақ билігі арнайы автобус пен дәрігерлердің еріп жүруімен 500 қырғыз азаматын өткізген.
11 мамырда Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимі аяқталды. Бірақ қалалар мен аймақтарда карантин жалғасып жатыр.
Abai.kz