Сенбі, 23 Қараша 2024
2601 3 пікір 13 Мамыр, 2020 сағат 16:29

АҚШ ресейлік жасанды тыныс алу аппараттарынан бас тартты

АҚШ Ресейден әкелінген "Авента-М" өкпені жасанды желдету аппараттарын кері қайтарып жатыр. Құрылғылар қолданылмады, тек қоймаларда сақтаулы тұрды деп хабарлайды төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі федералды агенттігі (FEMA).

Ресейде соңғы аптада Мәскеу және Санкт-Петербург ауруханаларында екі рет өрт шықты. Нәтижесінде COVID-19 вирусымен ауырып жатқан алты науқас қайтыс болған. Алдын ала болжам бойынша, "Авента-М" аппаратындағы сымның тұйықталуы өртке себепші болған.

Қауіпсіздік мақсатында Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарының билігі ресейлік аппараттарды FEMA-ға қайтарып жатыр.

"Авента-М" жасанды тыныс алу аппараттары Орал құрал жасау зауытында шығарылады. FEMA өкілі құрылғылардың АҚШ-қа сәуір айының басында әкелінгенін растады.

Ресейлік зауыттың құрамына кіретін радиоэлектронды технологиялар концерні "Авента-М" аппараттары барлық сынақтан өткенін хабарлайды. Бірақ бүгінде бұл аппараттардың АҚШ-қа қалай әкелінгені сұрақ туғызып отыр. Себебі аталған концерн АҚШ санкциясының тізімінде.

Кремль бұл құрылғылар өзге медициналық жабдықтармен гуманитарлық көмек ретінде жіберілгенін айтады. Бірақ белгілі болғандай, АҚШ бұл жүктер үшін үлкен сомада ақша төлеген.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536