Бұның алдында ғана Ақ үй басшысы Пекинмен бірге қабылдаған сауда келісімін қайта қарамайтынын айтқан. Ақпарат құралдарының мәліметінше, АҚШ-тағы коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайды өз мүддесіне пайдаланғысы келген Қытай келісімді бұзып, одан да тиімді шарттарды мойындатқысы бар.
Бұл уақытта республикашыл сенатор Линдси Грэм "COVID-19 үшін жауапкершілік туралы" заң жобасын талқылауды ұсынды. Пекин коронавирус дертінің таралуы туралы барлық есепті бермесе, бұл құжат Трампқа Қытайға санкция салуға мүмкіндік береді.
АҚШ пен Қытай сауда-экономикалық келісімнің бір парасын биыл қаңтардың ортасында қабылдады. Құжатқа сәйкес, АҚШ екі жылда Қытайға бағытындағы импортын 200 миллиард долларға көбейтіп, қытай тауарына салынатын америкалық салықты қысқартады.
АҚШ - коронавирустан ең қатты зардап шеккен ел. Соңғы мәлімет бойынша, Құрама Штаттарда COVID-19 вирусын жұқтырғандар жарты миллионға жуықтады. 84 мыңға жуық адам қатерлі індеттен көз жұмды.
Abai.kz