Сенбі, 23 Қараша 2024
2724 1 пікір 14 Мамыр, 2020 сағат 13:24

Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы 69 миллиард теңгеге онлайн зат сатып алған

kaspi.kz

Қазақстандықтардың Kaspi.kz арқылы онлайн зат сатып алу мөлшері рекордтық деңгейге жетті,- деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Жыл басынан бері (1-қаңтар - 30 сәуір) Қазақстанның 54 қаласының тұрғындары Kaspi.kz-тегі Магазинде жалпы сомасы 69 миллиард теңгеге 900 мыңнан астам тапсырыс берді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе былайша түсіндірме берді:

«Пандемия жағдайында және вирустың таралу қаупі жоғары болған кезде жеткізу қызметімен онлайн зат сатып алу көптеген қазақстандық отбасы үшін қолайлы әрі қажетті болып қана қоймай, біздің серіктестерімізге сатылымдар мен жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектеседі. Біздің командамыз президент жанындағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қолдауымен және әкімдіктердің жедел штабтарымен, серіктестермен және курьерлік қызметтермен бірлесіп, жеткізу қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ қауіпсіз онлайн зат сатып алуға мүмкіндік беру үшін бар күш-жігерін салды. Біздің командамыздың және сүйікті клиенттеріміздің атынан бүкіл еліміз бойынша және әр қаладағы жеткізу қызметімен онлайн зат сатып алуды ұйымдастыруға көмектескен әр адамға рақмет айтамын».

Kaspi.kz-тегі Магазин – Қазақстандағы электрондық коммерцияның ірі платформасы, оның көмегімен серіктестер әртүрлі тауарды онлайн сатады, ал қазақстандықтар бүкіл Қазақстан бойынша жеткізу қызметімен тиімді зат сатып алады. Kaspi.kz-тің серіктестерінің көбісі – шағын және орта бизнес компаниялары.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540