Сенбі, 23 Қараша 2024
2840 0 пікір 14 Мамыр, 2020 сағат 13:38

Бекшин: «Балабақшаларды қазір ашу ерте»

Төтенше жағдай аяқталды. Алайда, карантин күшін жойған жоқ. Блок-бекеттерден рұқсатпен ғана өтуге болады. Жүздеген адам жұмысқа шығып жатыр. Бірақ балалар қайтпек? Балабақшалар ашылмаса, ата-аналар не істейді? Оларды қайда қалдырады? Бұл – көптің көкейіндегі сұрақ. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осы сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлемдегі ахуалға қарасақ, шектеу шараларын алған мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай қайта нашарлап жатыр. Індет өршіп кетті. Осы тұста балаларға жұғу қаупі жоғары дейді ақ халаттылар. «Арнайы сұхбат» бағдарламасында Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Балабақшаларды дәл қазір ашу ерте» деді.

«Балабақшаларды ашу мәселесіне келсек, қазіргі уақытта кезекші топтар ашу жағы қарастырылуда. Сондықтан бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына енгізілген жоқ», - деді Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Қаулыға енгізілімегені түсінікті. Өйткені, мектепке дейінгі мекеме – ауру тез таралатын жер. Онда балалардың болуы жағдайды тіптен ушықтырады. Сондықтан қаланың бас санитары шешім қабылдауға асықпаған абзал екенін ескертті. Біраз ата-ана бұған түсіністікпен қарайтындарын жеткізді. Тәуекелге бармай, бөбектерді өздері немесе ата-әжелеріне апарып, жұмысқа шығуына болатынын айтады.

“Балалар ауырса, бізге ауыр тиеді. Сондықтан балалардың үйде отырғаны дұрыс деп есептеймін. Қазір ата-аналардың көбі жұмыссыз отырғандықтан, балаларын өздері баға алады. Немесе ата-әжелерінің қолына апарып берсе болады. Қазір балалардың үлкендері де сабақты мектепте оқымайды ғой, үйде оқып жатқандықтан олар кішкентайларына қарайлайды деген үміттеміз”, – деді Ақмарал Тоқабаева.

“Бала-шағамыз үйде. Қазір үлкен балам 14-те, қалған үшеуіне сол қарап отыр. Біз келіншегім екеуміз жұмыстамыз”, – дейді тұрғын Жалғас Дәулетбаев.

Қаланың бас санитар дәрігері қала тұрғындарына төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин күшін жоймағанын тағы да ескертті. Сондықтан адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес берді. Жұмыстарын қайта бастаған кәсіпорындар мен сән салондары да санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керек. Жандарбек Бекшин босаңсуға болмайтынын айтты. Жұдырықтай жұмылсақ қана қауіпті індеттен тез құтылатынымызды қаперде ұстайық.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543