Сенбі, 23 Қараша 2024
3025 2 пікір 15 Мамыр, 2020 сағат 12:47

Коронавирус әлем экономикасына $8,8 трлн шығын әкелуі мүмкін

Азия даму банкі коронавирус салдарынан әлем экономикасына келетін шығын $5,8 трлн-нан $8,8-ға дейін көбеюі мүмкін деп жазады.

Болжам бойынша, егер шектеу жарты жылға созылатын болса шығын $8,8 трлн-ды құрамақ, ал $5,8 трлн үш айдың ішінде экономика қалпына келмеген жағдайда.

Сәуірдегі бағалаумен салыстырғанда банк болжамы нашарлады – бұрын сарапшылардың есептеуінше әлем экономикасы $2-4,1 трлн аралығында зардап шегуі мүмкін еді.

Азия банкінің айтуынша, коронавирус пайда болып, кең тараған және қатаң шектеулер қойылғандықтан ішкі сұранысы бірден төмендеген елдердің экономикасы көбірек зардап шегеді. Оған қоса, экономикасы ашық мемлекеттер мен туризмге тәуелді елдер шығынға батады.

Сарапшылардың атап өтуінше, экономикалық шығынды азайтудың кілті – пандемия тәртібіне бағыну, яғни тестілеу, оқшаулау және әлеуметтік қашықтықты сақтау. Оған қоса үкімет пандемияның жағымсыз әсерін азайту үшін мұқтаж отбасылар мен мекемелерге көмек көрсетуі керек.

АДБ талдауы пандемияға нақты шаралар қолдану коронавирустың жаһандық әсерін азайтатынын көрсетті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540