Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2887 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 10:22

Партия мектебі ашылды

Қыркүйектің соңғы күні қаламызда айтулы оқиға болды. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің аймақтарында Жоғары партия мектептері ашылуда. Бұғанға дейін  Алматыда, Елбасының қатысуымен Ақтөбеде ашылған мектептердің қатарына енді Семейде тұсауы кесілген  «Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебінің Шығыс Қазақстан аймақтық филиалы қосылды.

Мектептің ашылу салтанатына байланысты өткен жиында сөз алған экономика ғылымдарының кандидаты, партияның Орталық аппаратының жетекшісі міндетін атқарушы Құмар Іргебайұлы Ақсақалов еліміздің өркендеп дамуы барысында қоғамдағы болып жатқан оқиғалардың арасында кәсіпқой, білімді, жедел әрекет ететін кадрлардың болуы бүгінгі күннің басты талабы дей келе:

- Жоғары партия мектептері ашылғалы бері 1445 партия қызметкері білімдерін жетілдірсе, 357 бастауыш партия ұйымдарының төрағалары өз біліктіліктерін шыңдады. Мектептерде партия туралы, ұйымдық құрылымдар жайлы толық мәліметтер базасы жасақталған. 10 департамент пен әр бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Парламентаризм, бақылау және өзге де  комитеттер білімді кадрлармен толыққан. Аудандық деңгейде де партия мектептері жұмыс істейді. Республика бойынша 6317 бастауыш ұйымы бар. «Нұр Отан» партиясының   материалдық- техникалық базасы, өз қаражаты бар, жақсы жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Сондықтан партия мүшелері Елбасының «Нұр Отан - биліктің партиясы» деген   сенімінен шыға білуіміз керек,- деген сөзін нақты істермен дәлелдеу қажеттігіне тоқталды. Аппарат жетекшісі міндетін атқарушының сөзінше, партия нақты істердің ұйытқысы, бастаушысы болуы тиіс. Соның  бір дәлелі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресте ешкімнің бетіне, лауазымына қарамай жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Қоғамға жат, партияға көлеңке түсіретін жағымсыз әрекеттерді дер кезінде анықтап, олармен барынша қатал күрес жүргізу қажеттігін атап айтты. Ондайлар туралы қоғамдық пікір қалыптастырып, ортамыздан аластап отыру қажеттігі айтылды. Сонымен бірге Құмар Іргебайұлы жастар саясатын дәйекті жүргізіп,  олардың ұйымдарын жетілдіру  қажеттігін де тілге тиек етті. Осылардың барлығын атап өте келе, Құмар Ақсақалов Елбасының партия қатарында білімді, жан-жақты даярланған кадрлардың болуы партия беделін көтеретіндігін, осы мақсатта жоғары партия мектептерін ашудың қажеттігі туғанын тағы бір мәрте айта келе,  жиналған қауымды партия мектебінің  Семейде ашылуымен құттықтап, партия   мектебінің директоры Айдар Самаевқа мектептің арнайы тіркелгендігі жөніндегі сертификатты табыс етті.

Келесі кезекте сөз алған Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов өткізіліп отырған шараның тарихи маңызы барлығын атап өте келе.

- Рухани астана болып табылатын Семейде Жоғары партия мектебінің ашылуы- Елбасы, «Нұр Отан» партиясы тарапынан Семей қаласы кадрларына  көрсетілген үлкен сенім. Партия мектебі- тәрбие мектебі. Осындай маңызды оқиғаның біздің қаламызда орын алуы- біз үшін мақтаныш. Сол үшін де Президентімізге, билік партиясына  шынайы алғыс сезімімізді білдіреміз. Бұл оқу орнының Абай атындағы кітапханада ашылуының да мәні бар. Ұлы ақын атын  иеленген кітапхана қоры бай, базасы жақсы жарақтандырылған, білім алуға барлық жағынан мүмкіндік бар,- деген Айбек Мүталапханұлы айтулы оқиғаға байланысты жүрекжарды тілегін де білдірді.

Қазақ гуманитарлық инновациялық-заң университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы Шырын Құрманбаева өз сөзінде Алаш партиясының іргесі қаланған Семейде партия мектебінің ашылуы тарихи идеялық сабақтастық деген пікір білдіріп,   саяси элитаны қалыптастыруда Семейдің саясаттану ғалымдары өз үлестерін қосатындығын жеткізді. Бұдан соң лекция залында тыңдаушыларға алғашқы дәріс оқылды.

Ләззат ШАРАПИЕВА
http://akimsemey.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5370