Facebook-те Тоқаевтың жалған аккаунты пайда болды
Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған аккаунты пайда болды.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің Facebook-те аккаунты жоқ екенін түсіндіріп, жалған ақпаратқа сенбеуін өтінді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақтар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерді ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал фейсбукта Мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын», - деп жазды Берік Уәли.
Abai.kz