Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2896 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 11:30

Қажылыққа аттанған қазақстандықтардың соңғы тобы Сауд Арабиясына кетті

Астана. 2 қараша. ҚазТАГ - Қажылыққа аттанған қазақстандықтардың соңғы тобы Сауд Арабиясына кетті, деп Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбек мәлім етті.

«Соңғы тобы бүгін ұшып кетті», - деді ол сәрсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне телефон арқылы.

Оның айтуынша, биыл Сауд Арабиясы бөлген квота толығымен толтырылды. Биыл 4 мың қазақстандық аттанды, ал былтыр олардың саны 3400 адам болған.

Бұл ретте ол жаққа құжаттарды рәсімдейтін туристік фирмалардың саны 34-тен 19-ға дейін қысқартылды. «Бұл салада көптен жұмыс істеп жүрген, тәжірибелі фирмалар іріктеліп алынды», - деп түсіндірді О. Өмірбек.

Жолақысы, тұруы және тамағын қоса есептегенде жолдама құны $3,5 мыңнан $5,6 мың аралығында болды.

Қажылық 4-ші қарашадан басталады. 10 қарашада қажылыққа кеткен қазақстандық топтар Сауд Арабиясынан оралады. Қажылық - Меккеге бару, ислам діні талап ететін бес парыздың соңғысы. Қажылыққа аттанған адам келесідей талаптарға сай келуі тіис: денсаулығы мықты және ақыл есі дұрыс, кәмелетке толған, қажылық кезінде отбасын асырай алатындай қаражаты бар, бір кездері жасаған жаман қылықтары үшін өз айыбын мойындаған, оны ренжіткен адамдарды кешіре алатын адам болуы тиіс. Қажылыққа деп жинаған қаражаты адал еңбекпен жиналған болуы тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371