Сенбі, 23 Қараша 2024
4245 6 пікір 15 Мамыр, 2020 сағат 17:11

«Азия авто» капиталды Ресейге шығару туралы сұраққа жауап бермеді

Күні кеше ғана ҚР Индустрия  және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Азия авто» және «Азия авто Қазақстан» кәсіпорындарына қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын.

Онда аталған кәсіпорындар келісімшартта көрсетілген мәндеттемелерді 10 жыл ішінде орындамағаны, осыған байланысты министрлік тарапынан жасалып отырған жеңілдіктер тоқтатылып, келісімнің бұзылғаны айтылған.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы аталған кәсіпорындармен арада көпжақтыкелісім жасалған. Ол бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартқан.

«Келісімнің 2.1.3 тармақтарына сәйкес есепті жылдан кейінгі әр күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін өндіруші тарап уәкілетті органға жоспардың орындалуы туралы - келісім кезеңдерін іске асыру кестесін ұсынуға міндетті.

Осылайша, ағымдағы жылғы сәуірде есепті ұсыну барысында «Азия Авто» АҚ-ның қол қойылған көпжақты келісімге сәйкес 10 жыл бұрын өзіне алған міндеттемелерін кезекті рет орындамағаны расталды», - дейді министрлік.

Ал бүгін «Азия авто» және «Азия авто Қазақстан» компанияларының өкілі түсіндірме беріп, мемлекет алдындағы міндеттемелерді 1,5 жылдың ішінде орындауға уәде беріпті. Бұл туралы «LS» сайты жазды.

«Азия авто Қазақстан» компаниясының Бас директоры Ержан Мандиевтің онлайн-фоныеренция барысында айтқан ақпаратынша, 2019 жылдың аяғына дейін компания локализация деңгейін 50 пайызға дейін жеткізуі және құрастыру мен бояу цехын іске қосуы тиіс болған.

«Бұл цехтардың ашылуы коронавирус дағдарысынан кейін нарықтың қалыпқа келуіне байланысты болып отыр. Біздің божам бойынша, шамамен 1,5-2 жылда қалыпқа түсеміз. Біз 1,5 жылда жобаны жүзеге асырып, міндеттемелерді орындаймыз деп үміттенеміз», - депті Мандиев.

Сондай-ақ, Мандиев карантин аяқталған соң, министрлікпен келіссөздерді қайта бастайтынын, алдағы уақта қандай да бір келісімге келуге ниетті екенін білдіріп,  2019 жылдың аяғында компания неліктен өз міндетін орындай алмағанын да айтыпты. Оның сөзінше, әуелі 2015 жылы цех жұмысын бастауға девальвация кері әсерін тигізген. Автонарық 4 есеге құлдырап, шыған көбейген.

Осы дағдарыстан шығу қиын болған. Ал 2018 жылы жұмыс қалыпа келіп, компания жаңа цехты қаржыландыруға қауқарлы болғанда олар жұмыс жүргізіп жатқан банк жабылып қалған.

Дейтұрғанмен, құрамына құрастыру мен боюу цехтары да кіретін толық құрастыру зауытын қаржыландыру үшін 74 миллион доллар жұмсалыпты. Құрылыс жұмыстарының 40-45 пайызы аяқталып қалған көрінеді. Жұмысты толық аяқтау үшін тағы 90 миллион доллар инвестиция құю жоспарланып отыр екен. Қазір қаржы ұйымдарымен қаржы мәселесін шешіп жатыр-мыс.

Мандиевтің айтуынша, зауыт іске қосылатын болса, алғашты этапта 1 мың, екінші этапта 3 мың, үшінші этапта 8 мың жаңа жұмыс орындары ашылады.

Айтпақшы, «Азия авто» мен «Азия авто Қазақстан» компаниялары мемлекеттен 374 миллион доллар көлемінде жеңілдік көмек алған екен. Ал осы уақытқа дейін 511 миллион доллар салық төленген.

Мандиев келісім қайта қалпына келмеген жағдайда бұрын преференциялар болған салық төлемдері есебінен өнімнің өз құны ұлғаюы мүмкін екенін айтыпты. Оның сөзінше, бұл өндірілетін автоның нарықтағы бағасын көтеріп жіберуі мүмкін екен.

Өткенде осы «Азия авто» мен «Азия авто Қазақстан» компаниялары туралы әлеуметтік желіде әртүрлі әңгімелер айтылған. Соның ішінше, компания өз капиталын Ресейге шығарды деген де сыбыстар айтылды. Бүгін спикер капиталды Ресейге шығару туралы әлеуметтік желідегі әңгімелерге қатысты сұраққа жауап бермеді.

Айта кетейік, «Азия авто Қазақстан» LADA, KIA, Skoda, УАЗ маркелі көліктер құрастырумен айналысады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533