Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2691 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 11:39

Павлодарлық коммунистерге 7 қарашада Лениннің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға тыйым салынды

Павлодар. 2 қараша. ҚазТАГ - Павлодарда Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының (ҚКХП) мүшелеріне 7 қарашада Лениннің ескерткішіне дәстүрлі гүл шоқтарын қоюға тыйым салынды, деп хабарлайды партияның облыстық филиалы.

Партия мүшелері қала басшылығына Лениннің ескерткіші тұрған бақта бейбіт митинг өткізіп, гүл шоқтарын қоятыны туралы хабарлаған.

«Бүгін бізге қала әкімінің орынбасары Айым Қанафинаның қолы қойылған рұқсат берілмегені туралы хат келді. Хатта қалалық мәслихаттың шешімімен аталған шараларды өткізу орны ретінде «Автомобилист» стадионының қасындағы аумақ белгіленгені айтылған. Әрине біз бұл шешіммен келіспейміз. Бұған дейін біз жыл сайын 7 қарашада көсемнің ескерткішінің қасында жиналып, гүл шоқтарын қоятынбыз, бізге ешкім бір сөз айтпайтын, тыйым салмайтын», - дейді «ҚКХП» Павлодар облыстық филиалы» ҚБ жетекшісі Марат Түлендинов.

Оның айтуынша, өткен жылдары коммунистер биліктен шараны өткізуге рұқсат сұрамаған.

«Бірақ биыл орталық комитет бізді осы шараны өткізугі биліктен санкция алуға міндеттеді. Нәтижесінде рұқсат берген жоқ, бірақ шараны өткіземіз, өйткені Павлодардың қарт тұрғындары мен партия мүшелері дәстүр бойынша Ленин бағына келеді. Оның үстіне, біз митинг туралы хабарландыруды алдын ала таратып та қойдық», - деп хабарлайды облыстық филиал.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5370