Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
3763 2 пікір 19 Мамыр, 2020 сағат 11:04

Мамин жаңа қаржы министрін таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерұлан Жамаубаевты таныстырды. 

Үкімет басшысы Қаржы министрлігінің алдына еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру, бюджеттің атқарылуы, кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыру бойынша маңызы үлкен міндеттер қойылып отырғанын атап өтті.

А.Мамин Е.Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы зор еңбек тәжірибесі жаңа министрге қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді.

Е.Жамаубаев ұзақ жылдар бойы Ұлттық банк жүйесінде еңбек еткен, жетекші сарапшыдан бастап департамент директоры лауазымына дейін өскен. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарған, ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Осы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігінде жауапты хатшы қызметін атқарған.

Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевты Қазақстан Республикасының қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 995
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927