Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Қоғам 4410 2 пікір 19 Мамыр, 2020 сағат 11:18

Тренингшілер қазаққа тілеулес пе?!

Қазақ тілді екі радио (Қазақ және шалқар) мен жалғыз телеарна Қазақстаннан қажетін таба алмаған көпшіліктің кейінгі жылдары жаппай вертуалды әлемге, әлеуметтік желілерге бет бұрғаны белгілі. Нәтижесінде биліктің қармағындағы бақ беттерінде көріне алмай, іштен тынып жүрген түрлі саладағы, әр алуан көзқарастағы азаматтардың өзі би, өзі қожа еркін әлемде белсенділік танытып, танымал болуына жол ашылды.

Олардың алды өз аудиториясын қалыптастырып, ақылын бұлдайтын, ақшаға сататын дәрежеге жетті. Кейбірі тіпті партия құрып, билікпен саяси бәсекеге түсбек ниетте. Ендеше биліктің бір жақты ақпаратынан жалыққан жұртшылықтың үміті ақталды ма?! Атағы жер жарған тренингші - ұстаздардың қандай сиқыры бар? Көпшіліктің ықыласын аударған олардың кәсіби деңгейі ме, рухани кемелділігі ме, азаматтық позициясы ма? Жоқ, бүгінгі толғақты мәселелердің түйінін биліктен емес, өткеннен, ұлттың генінен іздейтін, жауырды жаба тоқитын ділмәрлігі ме? Қыз жібектің пәктігіне шүбә келтіріп, Абайдың қара сөздерінің өңін айландырып, олар кімге жақтас боп жүр? Қазақтың құнарлы жерін - алла жаратқан мұсылмандардың ортақ мүлкі санайтындардың көздегені не?!

Мектеп оқушылары арасында зорлық - зомбылық, суицид көбейіп еді психолог мамандығына сұраныс артты. Әлеуметтік, экономикалық қайшылықтардың шиеленісуы себебінен құқық қорғаушылардың базары жүрді. Қоғамдағы бай мен кедейдің айырмашылығының ұлғайуы қалталы болуға, ақшаға деген ділгірлікті өршітті. Бағамдап қарасақ, тренингшілердің ешқандайда талантымен тасжарғандар емес, түлкі заманды тазы боп шалған орайшылдар екенін парықтау қиын емес.

Салалық (рухани, ғылми) мемлекеттік бағдарламалардың, нақты әрекеттің жетімсіздігінен тәуелсіздіктің отызыншы жылына қадам басатын бүгінгі күні қазақ жұрты әлі де болса мұсылмандық парызын өтеуден бастап, күнделікті өмірдегі құқықтық, қаржылық қимылдарында жетекке, ақылға мұқтаж. Тәлімгер, тренкшілердің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетуі соның көрінісі. Қоғамның бұл соңғы ауаны - біреулер айтқандай қазақ қоғамының оянуы, азаматтық қоғамның қалыптасуы емес, керісінше қоғамның рухани дымкәстігінің сипаты.

Қытай коммунистерінің көсемі Дэнсяопинның сөзімен айтқанда мемлекеттік биліктің негізгі мақсаты экономиканы дамытып, халықтың заттық және рухани мәдениетін көтеру. Өз елінде босқын болып жұрген( даладан қалаға сабылып) қазақтың экономикалық, рухани хал-жәйі бесенеден белгілі. Тән құмары мен жан құмары бірдей қанағаттанбаған пенденің қомағай болатыны, талғамсыз келетіні, агрессияшыл болатыны айтпаса да түсінікті. Қарапайым халықтың басы ауырып балтыры сыздаса дәрігерден емес, өздері пір тұтқан әншілірден кеңес сұрауы, сайлау кезінде саяси програмасы жоқ айтыс ақынының соңынан еруі, әлеуметтік желінің еркін пікір алаңы емес, “таптық күрес майданына” айлануы соны көрсетеді. Тірі пенденің тән қуаты мен жан қуатының әлсіздігі біреудің ақылына ділгірлікті келтіріп шығарады. Дұрыс-бұрысын бағамдап жатпайды. Айрандай ұйыйды. Нілдей бұзылады. 

Халықтың сеніміне кірген тренингшілер кеше кімдер еді? Сырт тұлғасындағы өзгерістер айтып тұрғандай талай ұстаздың алдынан өткен құлақ молда шәкірттер еді. Бизнес саласындағы, гендершіл және түрлі бағыттағы тренингшілердің өзіндік тұғырнамасы, жүгінетін кітабы бар екені, олардың шығу төркіні шетел екені тағы да ақиқат. Тренкшілердің бар өнері оларды Абайдың, Алаш көсемдерінің сөздерімен тұздықтап, халықтық ой танымға сәйкестіріп. қарапайым халыққа ұсыну ғана. Түптеп келгенде биліктің халық пен элитаны ортақ идеяға жұмылдыра алмауы, экономикалық, әлеуметтік қайшылықтарды шеше алмауы, тренингшілердің тірлігінің жандануына тиімді шарт-жағдай әзірлеп отыр. Бұның ұлт мұдесіне зиянды салдарынан басқа, пайдасы жоқ.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

2 пікір