Ауған соғысының ардагерлері полицияға Атыраудағы жарылыстарға байланысты көшелерді патрульдеуде көмек ұсынды
Атырау. 3 қараша. ҚазТАГ - Атырау облысында Ауғанстан ардагерлерінің одағы облыс орталығында жақында болған жарылыстарға байланысты құқық қорғау органдарына көмек ұсынды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Ардагерлер қоғамдық құқықтық тәртіпті қорғау үшін көшеге шығуға дайын екендерін айтты.
«Қазір біздің бейбіт бақытты өмірімізге біреулер кедергі келтіріп, ел азаматтарының арасында қастық пен сенімсіздік тудырғысы келіп жатқанда үнсіз қарап тұра алмаймыз. Өзіміздің үлесімізге түскен сынақтар есімізде, сондықтан ондай қорқынышты балаларымыз бен немерелеріміздің басына түспес үшін арандатушыларға жол бермейміз», - делінген одақтың бейсенбі күні брифингте құқық қорғау органдарына арнаған үндеуінде.
Үндеуде Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қажет әскери тәжірибесі, күші, Атырау тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау ниеті бар екені айтылған.
Бүгінгі күні облыста Ауғанстандағы соғыстың 575 ардагері тұрады.