Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
3712 2 пікір 26 Мамыр, 2020 сағат 12:21

Президент қайтыс болған екі полицейді наградтау туралы Қаулы шығарды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы блокбекетте қайтыс болған екі полиция қызметкеріне мемлекеттік награда беру туралы Қаулы шығарды.

"Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен,

Абдықанов Дастан Маратжанұлы  ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын",- делінген Қаулыда.

Жарас Жанғазиев – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы.

Дастан Абдықанов (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.

Айта кетейік, 25-мамыр күні таңертең BMW маркалы көліктің жүргізушісі Алматы облысында орналасқан блокбекетке соғылып екі полиция қызметкері қайтыс болды.

Полицейлердің мәліметінше, мас жүргізуші қамауға алынған. Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1208
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2731
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 865
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 822