Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2356 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 10:46

Нұрлан Дулатбеков: «Алашқа қызмет ету – баршамыздың міндетіміз»

Порталымызда Мәскеудегі Дон қабірстанындағы бауырластар зиратында жерленген Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының басына ескерткіш тақта орнатылғаны турасында жазып едік.

Ол ескерткіш тақтаны Қарағандыдағы «Болашақ» университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков өзі бас болып қойған екен.

Нұрлан мырзаның азаматтық ісіне алғыс айтып, аз-кем әңгіме-дүкен құрдық. Сол қысқа сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Нұреке, ескерткіш тақта қою туралы ойға не түрткі болды, әңгімені осыдан бастаңшы.

- Саяси-қуғын сүргінге ұшыраған адамдардың тарихын көптен зерттеп жүрміз. Сол ізденіс жолында Мәскеу, Петербор және басқада шетелдердегі мұрағаттарда болдық. Сөйтіп, жүргенде Ресейдегі саяси қуғын-сүргіндердің тарихын зерттеумен айналысатын «Мемориал» ұйымымен жұмыс істей бастадық. Сол арқылы Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының Дон қабірстанында жатқанын білдік. Аталған ұйым шығарған кітапта да Әлекең мен Нығмет туралы берілген екен. Бауырластар зиратындағы Әлихан мен Нығмет жатқан жердің аумағы - 2,5 кв. метр жер ғана. Сол жерде Алаш зиялыларынан басқа Мирозян және тағы басқа көптеген адамдардың сүйегі жатыр.

Содан бері жұрт іздеп барғанда бір белгі болып тұрсыншы деп ескерткіш тақта қоюды ойлап жүргенбіз. Міне, 28 қазан күні сәті түсіп, ескерткіш тақтаны қос бабамыздың басына орнатып қайттық.

- Сөз арасында Алаш тарихын зерттеп жүрміз дедіңіз. Соның індетіп айтып беріңізші?

- Университеттің жанына екі бірдей зерттеу институты құрылған. Соның бірінің бағыты - гумантарлық сала. Негізінен энциклопедиялар шығарып жатырмыз. Бұған дейін Сәкен Сейфуллин және Қаз дауысты Қазыбек энциклопедиясы жарық көрді. Қазіргі кезде жұмысшы тобы Бұхар жырау энциклопедиясын дайындау үстінде.

Және бір лабораториямыз саяси қуғын-сүргіндердің, КАРЛАГ-тың сонда болған тұтқындардың, шығармашылық адамдардың бейнесі, жаряланбаған мемуарларды зерттеп жатыр.

Алаш, Алашорда, Алаш көсемдері әрине, өз бағасын алып жатыр. Алаш тарихына байланысты қаншама еңбектер жарық көріп жатыр. Алашты әлі де болса тереңдетіп зерттеу болашақтың еншісінде.

Әлихан Бөкейхан - Алаштың көсемі ғой. Әлихан - мұхит сияқты. Ол кісі әлі де зерттеледі деп ойлаймын. Әрбір өңірде Алаш тарихын зерттеу, Алаштың идеясын насихаттау - барлығымыздың міндетіміз деп есептеймін.

- Әңгімеңізге рахмет!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420