Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 6322 7 пікір 27 Мамыр, 2020 сағат 16:25

Ұлттық құрамада өз зілтеміршілеріміз ғана өнер көрсетсін...

Бақыт Ахметов

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін енді Бақыт Ахметов атқарады. Бұл туралы ауыр атлетика федерациясы хабарлады. 

Бақыт Бешімбекұлы 2009 жылдан бастап жасөспірімдер мен жастар құрамасы жаттықтырды. Оның жетекшілігімен жас зілтеміршілеріміз жақсы нәтиже көрсетіп жүрді. Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер, Игорь Сон секілді шәкірттері ұлттық құрамаға алынып, толағай табыстарға жетті.

Бақыт Ахметовтің өзі де үздік ауыр атлет болған. Азия ойындарының чемпионы (2002), Азия чемпионы (2004), Азия ойындарының қола жүлдегері (2006), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2007) болған. Сондай-ақ 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында Қазақстан командасының Ту ұстаушысы болды.

Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, ұлттық құрамаға бұған дейін Бақыт Ахметов жаттықтырған жастар және жасөспірімдер құрамасынан бірқатар жас спортшы шақырылған.

«Қазіргі уақытта ұлттық құрамада жаңарту кезеңі жүріп жатыр. Осы жылдан бастап ересектер құрамына жас болса да, танымал спортшылар - Рахат Бекболат, Нұрғиса Әділет, Сайхан Тайсуев, Сайрамкез Ақмолда, Карина Құзғанбаева, Дарья Ахмерова және Гүлнұр Ыбырай қосылды.

Ұлттық құраманы одан әрі ммықты атлеттермен күшейту ойда бар. Б.Ахметовтың жетекшілігімен бірқатар жұмыс атқарылды. Біз Бақыт Бешімбекұлын тәжірибелі жас жаттықтырушы және кәсіби менеджер ретінде білеміз. Осыған орай оны ересектер құрамасына ауыстыру туралы шешім қабылданды», - дейді ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов.

Жоғарыда аты аталған жас зілтеміршілер бірнеше халықаралық турнирлерде топ жарған.

Мәселен, 2019 жылы наурыз айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына бес спортшымыз қатысып, бесеуі де алтын медаль алды.  АҚШ төрінде топ жарған Ақмолда Сайрамкез (61 келі), Сайхан Тайсуев (67 келі), Рахат Бекболат (96 келі) және Ольга Пастухова (81 келі) биылдан бастап еліміздің бас командасында бақ сынайды.

Ал  2020 жылы ақпан айында Тәшкентте өткен жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында біздің спортшылар 9 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алды. Өзбек елінде «алтын» алған Нұрғиса Әділетұлы (89 келі), Карина Құзғанбаева (81 келі) және Гүлнұр Ыбырай (64 келі) да ұлттық құрамаға шақырылып отыр.

Ең маңыздысы, ұлттық құрамаға шақырту алған спортшылардың барлығы өз елімізде туып өскен. Ауыр атлетика спортының келімсектерден арылып келе жатқаны қуантады. Бірақ қазіргі құрамамызда әлі де бірнеше бұрынғы шетелдік спортшылар бар. Оларды адағы уақытта жоғарыда аталған жас зілтеміршілеріміз алмастыратыны сөзсіз.

Ильину придется худеть» – главный тренер сборной РК по тяжелой ...

Юрий Мельников

Осыған дейін ауыр атлетикадан ұлттық құраманы Юрий Мельников жаттықтырған болатын. Ол бұл қызметке 2016 жылы кірісті.

Бәріміз білетіндей, 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің Тәртіптік комиссиясы (ХОК) мен Спорттық арбитражды сот (CAS) қазақстандық жеті ауыр атлеттің XXIX және XXX Олимпиада ойындарында жеңіп алған (Бейжің-2008, Лондон-2012) медальдарын жоққа шығарып, олардың допингке қарсы ережені бұзғандарын жария етті. Шешімге сәйкес атлеттер жарыстан шеттетіліп, нәтижелері жоққа шығарылды және медальдарды қайтаруға міндеттелді.

Допингпен ұсталған қазақстандық Олимпиада жүлдегерлері (ауыр атлеттер): Илья Ильин (алтын медаль, 2008, 2012), Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова (бәрі алтын, 2012), Ирина Некрасова (күміс, 2008), Алла Баженина (күміс, 2008), Мария Грабовецкая (қола, 2008). Бұларға биыл Анна Нурмухамбетова ((қола, 2012) қосылды.

Осыдан кейін Қазақстан құрамасын 20 жылдан астам уақыт (1994 жылдан бастап) жаттықтырған Алексей Ни 2016 жылы 25 қарашада отставкаға кеткен. Оның қызметінен кетуіне жоғарыдағы допинг дауы себеп болды деген болжам бар.

Сонымен қатар, жеті бірдей Олимпиада жүлдегері, екі әлем чемпионы допингпен ұсталған Қазақстан ауыр атлетика құрамасы бір жыл бойы халықаралық жарыстардан шеттелді. Жаза мерзімі 2018 жылы 19 қазан күні аяқталды.

Алексей Ни объяснил свое решение уйти с поста главного тренера ...

Алексей Ни

Осы күнге дейін Қазақстан зілтеміршілерін Олимпиада ойындарына тек бір ғана бапкер бастап барды. Алексей Нидің жетекшілігімен Қазақстан құрамасын 22 жылда алты олимпиадаға қатысты. Ни кезіндегі құрама шетелдік спортшыларға жаппай азаматтық беріп, «жаңа қазақ» жасаумен және допинг дауымен есе қалды.

Ал төрт жыл бас жаттықтырушы болған Юрий Мельников құраманы Олимпиадаға бастап бара алмады. Биыл Токиода өтуі тиіс Олимпиада коронавирус пандемиясына байланысты келесі жылға қалды. Ал 2018 жылы қараша айында Ашхабад қаласында өткен әлем чемпионатында Мельников шәкірттері нашар өнер көрсетті. Түрікменстан астанасынан қазақстандық зілтеміршілерге бар болғаны бір күміс, бір қола медаль ғана бұйырды.

Енді Қазақстан құрамасының тізгінін өз елімізде туып, өз елімізде спортпен айналысқан, спортшы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де үлкен жетістікке жеткен Бақыт Ахметов ұстады. Бақыт Бешімбекұлының басшылығымен қазақ зілтеміршілері үздік нәтиже көрсетеді деп сенеміз. Бастысы Ни кезіндегідей допинг дауы мен шетелдік спортшыларды шақырудан аулақ болса болғаны.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302