Сенбі, 12 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2245 0 пікір 7 Қараша, 2011 сағат 07:54

Мәсімов ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборға жұмыс сапары барысында ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, делінген премьер-министрдің сайтында.

«К.Мәсімов пен В.Цзябао екіжақты қарым-қатынастар, ШЫҰ дамуы мен өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты. К.Мәсімовпен кездесу барысында В.Цзябао Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады», - делінген ақпаратта.

В. Цзябао Қытайдың саяси иерархиясында ҚХР төрағасы мен Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасынан кейін үшінші орын алады. Оны Ху Цзиньтаомен юірге Қытай компартиясы басшыларының төртінші буынына жатқызады. ҚХР билігінің жоғарғы эшелонындағы қызметі барысында В.Цзябао өзін «еңбекқор реформатор», технократ, прагматик ретінде танытты, делінген ақпаратта.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1802
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3627