Себебі, бөгет бұзылып су Қазақстан аумағына қарай тасыған көріністер түсірілген видеолардан ірі балықтардың ағып жатқанын көруге болады.
Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (СГБ) тергеушілері су қоймасына жайын балықтарын кім жібергені жайында сұрап жатыр. Бұл жөнінде сұрауға шақырылғандардың бірі хабарлады.
"Узбекистон темир йуллари" компаниясына қарайтын Сардоба су қоймасының өкілдері суға ірі балықтар жіберілгенін растады. Бірақ ол бөгеттің жарылуына жайындар себеп болды деген пікірмен келіспейді.
"Негізінен кәсіпкерлерге су қоймасына балық жіберуге рұқсат етілмеген. "Узбекистон темир йуллари" басшылары суға балық жіберді. Олар Ташкенттің жоғары лауазымды шенеуніктерін, шетелден келген қонақтарды су қоймасына апарып, балық аулатады", – дейді бұл істі жақсы білетін шенеуніктің бірі.
Оның айтуынша, егер тергеу ісі "жайын балықтары кінәлі" деп тапса, онда апаттың нақты себептері сол күйі ашылмай қалуы мүмкін.
1 мамырда таңертеңгісін Сардоба су қоймасы жарылып, апат орын алды. Апат аймағынан 70 мың адам көшіріліп, 6 кісі қаза тапты.
Сардоба су қоймасы құрылысына мемлекеттік бюджеттен 404,4 млн доллар бөлінген.
Abai.kz