Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 15388 10 пікір 30 Мамыр, 2020 сағат 11:59

Голощекиннің өлімі

Қазақтың қас жауы, көзіне қан толған қанішер, геноцид жасаушы жауыз әрі сайтанның сыңары Голощекинді білмейтін қазақ жоқ шығар. Көріңде өкіргір Филипп Исаевич Голощекин 1876 жылы Витебскіде өмірге келген еді. Өмірінің сан жылын Ресейдегі революциялық қозғалыстарға арнаған ол, 1924-1933 жылдар аралығында Қазақстанның Компартиясының бас хатшысы (бүгінгі тілмен айтқанда президенті) қызметін атқарады. Осы жылдар аралығында аса жауыздық пен қатыгездік саясатын ұстанған ол, ұжымдастыру саясатын күшпен жүргізді.

«Кіші қазан» идеясын ұсынып, сол әрекетін іске асыру жолында байлар мен қарапайым халықты қанады. 1928 жылдан бастап ол саясатын қанмен асыра бастады. Қарсы шыққанды атты, асты, түрмеге жапты. Қазақтың саяси элитасы мен зиялыларын қудалап, қуғын-сүргін саясатын іске асырды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов және өзге де ұлт зиялылырының артына шам алып түсіп, қудалады. 1931-1933 жылдар аралығында елімізде Голощекин саясатының әсерінен ашаршылық орнап, Қазақ халқының 75 пайызы немесе 3 млн халық қырылып қалды. Миллиондаған халық босып, Қытай мен Өзбекстан, Монғолия мен Ресей және өзге де аймақтарға қоныс аударды. 1933 жылы Қазақстандағы аштықтың деңгейі орасан зор және шығынының алпауыт болуына байланысты, оны орнынан алып тастап, КСРО-ның бас арбитрі қызметіне тағайындады. 1933-1937 жылдары сол қызметті атқарған әлгі Голощекин қанішердің өзі саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп ұлтымыздың ұландарын жалмаған саясаттың құрбанына өзі айналды. «Халық жауы» атанып, ол шын мәнінде жалғыз әділетті айыпталған халықтың шынайы жауы еді. Сөйтіп, 1941 жылы 28 қазанда Куйбышевте атылды. Солайша көріңде өкіргір жалмауыз ажал құшты. Алайда қазақты қырған қаніпезерді 1961 жылы КСРО ақтап шықты. Алайда ол қанішерге қазақ халқы ғасырлар бойы лағнет айтатын болады.

Асхат Қасенғалидың желідегі жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318