Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
3939 1 пікір 1 Маусым, 2020 сағат 11:33

Беларусьте сайлау қарсаңында наразылық шеруі болып жатыр

Беларуcьте сайлау алдында жағдай ушығып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, криминалдық милиция басшысы Геннадий Казакевич "Беларусь 1" телеарнасындағы эфирде айтты.

"Сайлау алдында елдегі жағдайдың ушығып жатқанын хабарлаймыз. Мұнда қандай да бір қоғамдық тәртіп бұзу мен сайлау заңнамасын бұзу туралы айтылып тұрған жоқ. Көбіне біз алдын ала жоспарланған, дайындалған акцияларды байқап отырмыз", - деді Геннадий Казакевич.

Оның айтуынша, соңғы уақытта белгісіз біреулер парламентте сайлау өткізген сайлау комиссиясының төрағаларын қорқытып жүр. Олардың отбасылары мен отбасы мүшелерін де қорқытып жүр дейді.

ІІМ бірінші орынбасары милицияда мұндай қорқытуларды ауыздықтайтын құрал жеткілікті екенін ескертті.

29 мамырда құқық қорғау органдарының қызметкерлері Гродно алаңында қол жинау үшін болған пикет кезінде блогер Сергей Тихановский мен басқа тоғыз адамды ұстады. Ұстау кезінде жиналғандар блогерді полициядан итере бастады. Ұрыс басталды. Содан кейін тәртіп сақшылары пайда болып, блогерді ұстады.

TUT.BY мәліметінше, кеше, 31 мамырда Беларусьте президент сайлауына қатысқысы келетін кадидаттарды жинау үшін облыста және қалаларда, аудан орталықтарында халық өз кандидаттарына қол қойдыру үшін көшеге шыққан. Ұзын-сонар кезек пайда болған.

Минскіде, облыс қалалары мен облыс орталықтарында, белорустар оппозиция үміткерлеріне қол қою үшін көшеге шықты. Полиция халықты таратуды сұрады.

Нәтижесінде бірнеше белсенді милицияға жеткізілген.

Айта кетейік, Беларусьте сайлау 9 тамызға белгіленді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 533
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2361
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2074
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1186