Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5587 0 пікір 10 Қараша, 2011 сағат 05:38

Шахидтік қазаққа жат

Атыраудағы Құдай жолында құрбан болу идеясына тұншыққан жастардың жарылыстарынан соң, Алматыда дін қайраткерлері жиналып шахид болу идеологиясының қателігі туралы дөңгелек үстел өткізді. «Абай» ақпараттық порталы ұйымдастырған отырысқа дінтанушылар мен заңгерлер - Мұхан Исахан, Ермек Мұқатай, Ермек Бекбосынов және «Иман» журналының редакторы Оңғар қажы Өмірбек пен басылымның жауапты хатшысы Кеулімжан Қуттиев, саясаттанушы Айдос Сарым қатысты. Отырысқа жиналған дін өкілдері мен дінтанушылар шахид болу идеологиясының қателігі туралы ойларын жан-жақты баяндады. Мәселен, олар бүгінгі исламды саясатпен, қоғаммен, қазақтың менталитетімен байланыстырып сөйледі. Оқырманға түсінікті болуы үшін, біз дөңгелек үстел басындағы әңгімені ықшамдап, сол күйінде бергенді жөн көрдік.

 

Мұхан ИСАХАН,

Заңгер, дінтанушы:

- Исламда мұсылманның өзіне-өзі қол салуы немесе жарып жіберуі ешқандай шахидтікке жатпайды. Шахид - дін жолында күресу және қан кешу. Ал өзін-өзі жару - интихад деп аталады. Ол исламда күнәнің ең ауыры саналады.

Атыраудағы Құдай жолында құрбан болу идеясына тұншыққан жастардың жарылыстарынан соң, Алматыда дін қайраткерлері жиналып шахид болу идеологиясының қателігі туралы дөңгелек үстел өткізді. «Абай» ақпараттық порталы ұйымдастырған отырысқа дінтанушылар мен заңгерлер - Мұхан Исахан, Ермек Мұқатай, Ермек Бекбосынов және «Иман» журналының редакторы Оңғар қажы Өмірбек пен басылымның жауапты хатшысы Кеулімжан Қуттиев, саясаттанушы Айдос Сарым қатысты. Отырысқа жиналған дін өкілдері мен дінтанушылар шахид болу идеологиясының қателігі туралы ойларын жан-жақты баяндады. Мәселен, олар бүгінгі исламды саясатпен, қоғаммен, қазақтың менталитетімен байланыстырып сөйледі. Оқырманға түсінікті болуы үшін, біз дөңгелек үстел басындағы әңгімені ықшамдап, сол күйінде бергенді жөн көрдік.

 

Мұхан ИСАХАН,

Заңгер, дінтанушы:

- Исламда мұсылманның өзіне-өзі қол салуы немесе жарып жіберуі ешқандай шахидтікке жатпайды. Шахид - дін жолында күресу және қан кешу. Ал өзін-өзі жару - интихад деп аталады. Ол исламда күнәнің ең ауыры саналады.

Біздің билік елде лаңкестердің бар екендігін бүгінге дейін жасырып келген. Бірақ соңғы жағдайлар, яғни өзін-өзі жарғандардың бәрі биліктің жүргізіп отырған саясатына қарсы екендіктерін ашық айтып отыр. Мұны Сәт Тоқпақбаев та мойындап, елде терроризмнің белгілері пайда болғанын баспасөзге баяндады. Осы арада бір нәрсені ашық айтуымыз керек, яғни Атыраудағы жағдай біздің мемлекеттің дін мәселесімен күресуде мүлде тәжірибесіз екендігін көрсетті.

Айдос САРЫМ,

Саясатанушы:

- Діндегі жанкештілік қазақтың мәдениетіне қаншалық жақын? Мысалы, біздің аңыз-ертегі, дастандарымызда шахид болу туралы жазылмаған ғой. Ендеше діндегі мұндай надандық бізге қайдан жұқты?

Саясаттанушы ретінде бұған дейін елге кірген ислам ағымдарының қауіп-қатері туралы көп айтқанбыз. Бірақ сөзімізге ешкім құлақ аспаған. Енді көресіні қарапайым халық көріп отыр. Бірақ елде исламға дұрыс көзқарастың қалыптаспағанын мойындағанымыз жөн. Мәселен, орыс тілді баспасөз исламды әлі құбыжық қылып көрсетеді. Оған Қазақстанның «шаш ал десе, бас алатын» оспадар заңы қосылып, мәселені ушықтырды. Міне, Атыраудағы жарылыстардың бірінші себебі - сол. Яғни 7-ші баптан тұтанды ғой.

 

Ермек МҰҚАТАЙ,

Дінтанушы:

- Шахид болу арабшадан мағынасын бұзбай аударғанда «сыртқы күш тарапынан өлтірілу» дегенді білдіреді. Ал өзін-өзі жарып, өлімге бару шахидтікке жатпайды.

Жихад мәселесіне келсек, ислам тарихында екі кезең болған. Біреуі - Мекке кезеңі, екіншісі - Медине кезеңі. Мекке кезеңінде пайғамбарымыз Меккеден Мединеге көшерден бұрын жихадтыққа рұқсат берген. Бұл арада жихад пен хаттала (соғыс деген сөз - Авт.) екеуі екі басқа. Жихад әуел баста исламды уағыздау мақсатында қолданылған. Ал хаттала деген сөзіміздің мағынасы Құранда толық айтылған. Ол былай: егер сырттан біреулер саған соғыс ашып келсе, қолыңа қару алып қорған деген. Араб тілінің сөздік мағынасында жихад «куәгер» дегенді де білдіреді.

 

Айдос САРЫМ,

Саясаттанушы:

- Жарайды, пайғамбарларымыздың заманында шахид мәселесі бүгінгідей жабайы түрде жүрмеген шығар. Бірақ біздегі өзіне-өзі қол жұмсау қайдан шықты деп ойлайсыздар? Мәселен, діни лаңкестердің ошағы болып отырған кейбір елдерде шахид өлімге туған-туысқандары қуанатын жағдайға жетіпті. Өйткені шахид өліммен көз жұмғандардың арғы дүниедегі екінші өмірлері туралы түрлі әңгіме көп. Мысалы, «оларды арғы дүниеде үр-қыздары күтіп отырады екен», «бейіштің нұры шалқыған жұмақ қарсы алады-мыс», «Құдай алдында сұрақ-жауап болмайды» деген сияқты «кепілдіктер» айтылады. Осындай сөздер, таным, түсінік қайдан шықты?

Мұхан ИСАХАН,

Заңгер, дінтанушы:

- Ислам - таза және кемелді дін. Бірақ өзін-өзі жару және басқа жабайылықтардың бәрі өзге діни ағымдардың әсерінен пайда болған. Мәселен, VIII-IX ғасырларда, яғни исмаилиттерден бұрын кайсания деген діни ағым пайда болған. Өзін-өзі жару - сол хайзаниялардың әрекеті. Қысқасы, бұл бұзылған дін.

 

Ермек БЕКБОСЫНОВ,

Заңгер, дінтанушы:

- Шахид - қазақ тілінде шейіт болуды білдіреді. Дінде шахид болуды үш топқа бөледі. Біріншісі, таза Құдай жолында шахид болғандар. Яғни, Құдай жолынан ауытқыған ағымдармен күресте қаза болған діндарларымыз. Екінші топқа діни әрі дүнияуи шахидтер жатады. Үшінші топтағылар мұсылман болғандарымен тұрмыстық деңгейдегі санадан аспағандардың дүнияуи өлімдері. Шахид сөзінің жихад сөзімен байланысы бар. Айталық, жихад сөзі әлеуметтік, психологиялық, әскери қорғаныс мағынасын береді. Заңгер ретінде айтарым, қылмыстық құқықта «қажетті қорғану» деген болады. Бұл тұрғыдан айтқанда, сыртқы күштен қорғану заңды саналады.

Әскери әрекеттегі жихадқа сүннеттен дәлел іздейтін болсақ, пайғамбарымыз Мединаға көшіп барып, мемлекет құрғаннан кейін ғана пайда болған. Оған дейін, яғни әскери әрекет пайда болмай тұрып жихадқа рұқсат берілмеген. Әбу-Ханифа масхабында да жихадты мемлекет басшысы ғана жариялауға тиісті. Жеке топ жихад жариялауға заң бойынша да, дін бойынша да құқықты емес. Өйткені пайғамбарымыздың өзі жихадқа сыртқы күштен, дұшпандардан қорғану мақсатында барған ғой.

 

Ермек МҰҚАТАЙ,

Дінтанушы:

Ислам дінінде фатық пен жихадты дұрыс түсінбеушілік бар. Фатық - жеңіс деген ұғымды береді. Пайғамбарымыз бір хадисінде «халифаттық менен кейінгі отыз жыл, одан соң салтанат басталады» депті. Осы сөз көп жерде әлі дау туғызып келеді. Яғни, халифаттықты діндегілердің өзі қантөгіс ретінде түсінеді. Ислам тарихында діннің қанат жаюына саяси күштер көп кедергі келтірген. Фатық жорықтары сол саяси күштерге және кәпірлер үшін жүргізілген. Жихад сөзіне соғыс деп қарай алмайтынымызды айттық. Бірақ біздегі теріс ағымдар оны соғыс деп түсініп, Құдай жолында құрбан болудың мәнін бұзып отыр. Атыраудағы жағдай - осы.

Қасиетті Құранда ешқандай тіршілік иесін өлтіруге болмайды деп жазылған. Ал өлім жазасы тек шариғат соттарында қылмысына қарай берілген. Құранның тағы бір сүресінде жазықсыз бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен бірдей, ал бір адамды құтқару бүкіл адамзатты құтқарудай сауапқа ие болады делінген. Діни экстремизм саяси және құқықтық себептен орын алатыны әлемдік тәжірибеде айтылған. Ислам ғылымда да мойындалған дін. Тек біздің елде өз дінімізді насихаттау жолы дұрыс емес, әттең!..

 

Оңғар қажы ӨМІРБЕК,

ҚМДБ-сының баспасөз хатшысы:

- Құранда қолынан да, ісінен де ешкімге залалы тимеген адам ғана мұсылман бола алады деп жазылған. Адамның жаны - Алланың аманаты. Оған қиянат жасау екі дүниеде де опалы іс бола алмайды. Қысқартып айтқанда, Атыраудағы жағдай жабайылық, тұрпайылық.  Біз - жетпіс жыл бойы мұсылмандықтан безінген халықпыз. Ал тәуелсіздіктің тұсында келген ислам шөліркеген жұрттың берекесін алды. Өйткені бізде діни сауат немесе негіз болмады: кім айтса, соған ердік. Қазақтың өзінің ұлттық дәстүрі ислам қағидаттарына сай келеді. Сондықтан мектептерде имандылықты арнайы оқытуымыз керек. Жуырдағы жылдардан бері мектептерде «Діндер негіздері» деген пән оқытылып жүр. Оның ішіне әлемдегі барлық діндер мен ағымдар кіріпті. Ал барлық 36 сағаттық пәннің 12-сі ғана исламға арналған. Қазақтың балаларына бұдданың, христианның не керегі бар, осыны түсінбедім? Жалпы біздің елде бәрі кері істеледі... Өйткені биліктегілердің дені атеизмнің шекпенінен шыққандар. Оның үстіне демократияның терісін теріс жамылғандар дінге де демократия әкелмек болып, елдің ішін әбден бүлдірді. Бүкіл Алматыдағы шіркеулердің саны мешіттердің санынан көп екен, сонда бұл кімнің қаласы?

Қазақстанда исламды насихаттауға қолбайлау болып отырған тағы бір жағдай бар. Яғни, заң бойынша біз мектеп немесе жоғары оқу орындарына өз еркімізбен барып, шариғат айтып, исламды түсіндіру жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Ал шетелден оқып келгендеріміз жалпы қазақстандық мұсылмандарға шаққанда, түкке тұрмайды.

 

Айдос САРЫМ,

Саясаттанушы:

- Атыраудағы өзін-өзі жарғандар 23-24 жастағы жігіттер екен, бұл нені көрсетеді? Меніңше, олар - тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы, яғни өларадағы буын. Оның үстіне діннің оқуына жіберген жастарымыздың білімі әртүрлі: ұстанымдары біркелкі емес, мақсаттары бөтен, білімдері ала-құла. Сондай-ақ Атыраудағы жағдайға байланысты діндарлардың артында үлкен топ, қаржы бар деген әңгіме айтылуда...

Қазақ тумысынан мамыражай халық. Ал біздегі дінде жүрген жігіттердің түріне қарап имандылықты байқай алмайсыздар. Неге? Өйткені, біз өзімізге қажетті ағымды, яғни, діни жолды таба алмай адасып жүрген сияқтымыз. Әбу-Ханифа масхабын бәріміз ұстанып жатқан жоқпыз ғой.

 

Кеулімжан ҚУТТИЕВ,

«Иман» журналының жауапты хатшысы:

- Пайғамбарымыз бір соғыстан қайтып бара жатып, қырылып жатқан әскерлерінің арасынан біреуін көрсетіп «Мынау тозақтық!» дейді екен. Қасындағы сахабалары себебін сұрайды, ел үшін өлген боздақтықтың тозақтығын түсінбей. Сөйтсе, ол соғыста жараланып, азабына шыдамай, өзін-өзі өлтірген екен. Бұл арадағы айтпағым, біз дінді дұрыс түсінбей және басқаларға да дұрыс түсіндіре алмай отырмыз. Сондықтан да Атыраудағы жанкешті жағдай орын алды. Қазақтың қай тарихын алсаңыз да, өзін-өзі жарып өлтірген жанкештілік болмаған. Дастан мен ертегі жаттап өскен баламыз ғой, шахид пен жихадты ата-әжелерімізден ешқашан естіген емеспіз.

Дайындаған -

Жұқамыр ШӨКЕ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 38 (121) 09 қараша 2011 жыл

"Шахидтік идеологиясының қателігі" атты дінтанушылар, заңгерлер, саясаттанушылар, журналистер қатысқан дөңгелек үстелдің толық аудио нұсқасын және видеосын мына жерден тыңдап, көре аласыз: http://haq.abai.kz/post/shakhid-bolu-ideologiyasyny%D2%A3-%D2%9Batel%D1%96g%D1%96

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512