Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4360 21 пікір 9 Маусым, 2020 сағат 14:34

Тоқаев - саясатта Назарбаевтың мұрагері

Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың президент болып сайланғанына толық бір жыл толды. Ширек ғасырдан астам уақыт еліміздегі нөмірі бірінші билікті егеленген Нұрсұлтан Әбішұлы өз еркімен мемлекет басшысы қызметінен босап, орынын Тоқаевқа ұсынғанда скептиктер бұл ауыс-түйіске әдеттегідей сенбеді. Олар: "Тоқаев - билікке уақытша келген адам. Бұл адам - транзиттік тұлға, аз уақыттан соң орынтағын әулет мүшелерінің біріне тастап кетеді", - десті. Тіпті Тоқаевтың президенттік қызметті дұрыс атқара алатындығына күмәнданғандар да табылды.

Алайда, Қаскең өзінің мемлекетшіл тұлға екендігін, еліне жан-тәнімен қызмет етуге тәуекелі жететін адам екендігін әр ісімен күнделікті дәлелдеуге кірісіп кетті. Әрине, біз әлеуметтік ахуалымыз кенеттен жақсарып, елімізде ешқандай проблема қалған жоқ деп айтудан аулақпыз, алайда, күннен күнге Тоқаевқа деген сеніміміздің артып келе жатқаны шындық. Ол қай-қашанда халық жағынан табылатынын таныта түсуде. Арыс оқиғасы кезінде де, Қордайдағы келеңсіз жағдайда да, мына бүгінгі пандемия дүрбелеңінде де Тоқаев халық тағдырына қатты көңіл бөлді. Сөйтіп өзінің сабырлы, салмақты қалпынан аумай қиындықтарды жеңіп келеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы - кәсіби саясаткер. Оның аузынан шыққан сөзде үлкен мән болады. Мәселен ол өткенде Ресейден шығатын "Комсомольская правда" газетіне сұхбат беріп отырып, бізде орыстардың 3 миллионға жетер жетпес боп қалғанын айтып қалды. Бұл дегеніңіз - орыс бізде аз санды диаспораға айналды деген сөз. Бұл және елімізде енді батыл түрде ұлттық саясат жүргізіледі деген сөз.

Тоқаев - саясатта Назарбаевтың мұрагері, шын мұрагері. Оның саясат пен экономикадағы шешімдерінен Назарбаев ісін жалғастыра отырып, ілгерлету бар екенін байқаймыз.

Президентті де, үкіметтегі кез келген шенеунікті те сынға алып отыратын бізде сергек орта, отаншыл азаматтар бар. Бірақ бүгін билік басына келгеніне жыл толып жатқандықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының есіміне жылы сөзімізді аяп қалмай, жылы лебіз білдірсек артық болмайтын шығар. Солай емес пе, ағайын?

Дәурен Қуат

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419