Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3008 0 пікір 14 Қараша, 2011 сағат 05:37

Кенжебай Жалғызбайұлы. Бізге социалистік жүйе мен иман керек

Адамзат баласы бағзы заманнан бері әлеуметтік теңдікті аңсап келеді. Әлеуметтік теңдік туралы неше түрлі «утопиялық» пікірлер айтылып, жазылып та келген-ді. Әлеуметтік теңдік дегеніміз ол - социалистік жүйе. Социалистік жүйе дегенде біздің ойымызға Коммунистік «Қызыл империя» түсері анық. Орыстардың құрған социалистік жүйесі социализмнің басты функцияларын орындаған жоқ. Әлеуметтік жүйенің ең басты функциясы - жариялылық пен дін. Имандылық болмаған жерде, әділетсіздіктің орын алатыны анық.

Әлеуметтік теңдік идеясы ең алғаш Пайғамбарымыздың (с.а.у) кезінде көтеріліп,  жүзеге  асқан болатын. Социализм идеясын алғаш көтерген Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүйікті сахабаларының бірі Абу Зарр (р.а.) болатын.

Әлеуметтік теңдік жүйесі - әділетті жүйе. Соцалистік жүйе мен капиталистік жүйе бір біріне қарама-қайшы жүйе.  Социалистік жүйе қарапайым еңбекші халық пен шарулардың мүддесін қорғаса, капиталистік  жүйе  жеке капиталистер мен олигархтардың, жоғарғы элиталық топтың мүдесін қорғайды. Соцалистік жүйеде ел байлығы мемлекеттің меншігінде болса, капиталистік жүйеде ел байлығы олигархтардың қолында болады. Кейбіреулер капиталистік жүйенің артықшылығы - еңбекақы көп төленеді дейді. Бірақ ақиқатында ол былай: мысалы, бір жұмысты істету үшін капиталист 3 адамға айына  300 мың теңге төлеу керек. Яғни, айына әр адамға 100 мың төлеуі тиіс. Бірақ ол жұмысқа 3 адамды емес 1 адамды қабылдайды, оған 100 мың емес 150 мың төлейді. Қалған 150 мың теңге капиталистің қалтасында қалады. Ал ана екі адам жұмыссыз жүреді. Социалистік жүйеде жұмыссыздық деген болмайды жаңағы 3 адам да жұмыспен қамтылып, 100 мың теңгеден айлық алады.

Социалистік жүйенің көптеген модельдері бар. Соның бірі щведттердікі және бірі арабтардың моделі.  Социализмнің екі түрі бар жоспарлы және нарықтық.  Біздің қазақтарға ең дұрысы жоспарлы экономика және ұжымдық шаруашылықтар. Қазақ халқы табиғатынан әлеуметтік теңдікті ұстанатын. Қазақ ешқашан біреудің  ақысын жемеген. Орыс отаршылары келгенше,  қазақтар қоңыр  қалта   тіршілік кешкен. Жұмыссыз қаңғып қалған, жанын баға алмай қайыр тілеп жүрген ешкім болмаған. Еркек атаулы жұмыспен қамтылған.

Кейбіреулер  қазақстандық қоғам ешқандай «измге» жатпайды дейді, бірақ біздің еліміз қазір капиталистік жолға түскен. Елді ат төбеліндей олигархтар билеп-төстеп отыр. Ел арасын жұмыссыздық пен қайыршылық жайлаған. Қазақтардың 2-3 пайызы маскүнемдікке салынған. Бір Алматының өзінде 10 мыңға жуық қаңғыбас бар екен.Қазақ ауылдары қаңырап бос қалған. Қоғамды жемқорлық пен әділетсіздік жайлаған.Үкімет заңдарының бәрі халыққа қарсы бағытталған. «Тәуелсіздік алғанымызға  20 жыл толды» деп мәз боламыз, бірақ әлі тәуелсіздікке қол жеткізген жоқпыз.Саяси жағынан да экономикалық жағынан да, тіпті рухани жағынан да басқаларға тәуелдіміз. Ана тілімізде емен-жарқын сөйлей алмаймыз «Қазақпын» деп  айта алмаймыз.

Біздің қазақты құтқаратын имандылық пен әлеуметтік теңдік жүйесі ғана. Ойласақ енді осыны ойлайық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536