Бекқожа Жылқыбекұлы. Саясат туралы толғамдар
Саясат жалтақтағанды және талтақтағанды көтере алмайтын көлік.
Саясатқа сандырақ қосылса, қоғам былығады.
Су үшін жылға, саясат үшін тұлға керек.
Жалтақ жаннан саясаткер шықпайды.
Саясат қулық-сұмдыққа бейімделсе, елдің екі көзі бұлдырайды,
дарын иелерінің құны құлдырайды.
Саясат пәктікті әрі сақтықты талап ететін қырағы қимыл.
Саясатқа билікқұмарлықпен келу - тірідей өлумен бірдей.
Саясаткер - сәнімен емес, халықшыл әнімен әрлене түсетін тұлға.
Саясат санасызды алдап, саналыны жалмап отыратын сары жұт.
Обыр саясаткер айналасына тобыр саясатқұмарларды жинайды
Саясатқа келме, келген соң, ерінбей еңбек ет елге.
Саясат сайқалданса, сағыңды сындырады немесе жағыңды сындырады.
Саясат бүгін түрленіп түлкі болса, ертең елге күлкі болады.
Саясат - баяшатты тіршілік үшін талпынса ғана саясат.
Ұрматөстік ұстатады жағаны, салмақтылық саясаттың тағаны.
Саясат санаға салмақ түсіреді. Сондықтан оны тілге алсаң да, ділге алма.
Саясаттың айналысатын аумағы кеңіген сайын, оның тынысы тарыла түседі.
Саясатқа сандалып жүріп келген біреу - дүниеге тіреу бола алмайды.
Саясаткердің басы айналса, құлайды немесе Құдайға жалбарынып жылайды.

Саясат иістенсе, ел ішінде таршылық басталып, халық арасында үкіметке қарсылық туындайды.
Саясат қанатты жая сап, ұшып кіре салатын алаң емес.
Саңырау саясаттан сақау саясат қауіпті.
Саясаткер сабырлы болса, жұртқа жағымды болады.
Аузын қу шөппен сүрте берген және елдің адал табысын түрте берген саясаткер бес-ақ күнде беделінен айрылады.
Саясатқа араласпа, араласқан соң, көшті дара баста.
Саясатқа салмақты сана керек, билікке білікті, дана керек.
Ілімі мен білімі мол адам саясаткер болмайды, қайта ұлылық пен даналықты көп зерделеген адам саясаткер бола алады.
Саясатқа аралас, бірақ саясат майданында шала мас жүріп, сарамас атануға жол жоқ.
Сенімге серік болсаң, Құдайдың құлы боласың, саясатың салиқалы болса, ұлы боласың.
Билік қолда тұрған кезде ақиқатты құрбандыққа шалудан сақтан.
Сайқал саясаткер мақтанса, мал шашады, қатуланса, айналасын жамсатады.
Ақиқат деген атасының атын атай алмайтын саясат - сайқал саясат деп аталады.
БЕКҚОЖА ЖЫЛҚЫБЕКҰЛЫ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнің доценті, ф, ғ, к
«Абай-ақпарат»