Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2207 0 пікір 15 Қараша, 2011 сағат 10:23

Владимир Козлов: «Шаханов желтоқсаншылардың атын жамылған жалған саясаткер»

Youtube сайтында Владимир Козловтың белгісіз бір тілшіге берген сұхбаты жарияланды. Әңгіме барысында Козлов мырза Қазақстандағы саяси ахуалға, өзінің саяси қызметіне тоқталып, Қазақстандағы демократиялық ахуалды біраз сын тезіне алады. Сұхбат алып отырған тілші бір кезде: «Осы сіздерде Шаханов деген біреу бар ғой. Өзі ұлтшыл, өзі оппозиционер, ол туралы не айтасыз?» дейді. Сол-ақ екен, Козлов көкеміз көсіле шауып, Мұхтар Шахановты жалған оппозиционер, өтірік саясатшы, желтоқсаншылардың атын жамылған қу деп айыптайды. Ол Мұхаң бастаған ұлтшылдарды «кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатындардың» қатарына жатқызды. Козлов қызды-қыздымен желтоқсаншылардың көпшілігін желтоқсан оқиғасына ешқандай қатысы жоқ өтірік жүргендер деді.

В. Козловтың бұған дейін де қазақ ұлтшылдарымен көзқарасы сәйкеспей жүргені белгілі еді. Оның желтоқсаншыларға өкпесі неге қара қазандай болатынын бәріміз білеміз. Өткен жылы баспасөз-мәслихатын өткізіп Елбасы сайлауына қатысамын дегені үшін желтоқсаншылар оны шикі жұмыртқамен атқылап масқара еткені белгілі. Енді ол қарымта қайтару үшін қазақ ұлтшылдарының жетекшілерінің бірі Мұхтар Шахановтың жағасына жармасып, ресей тілшілері арқылы қаралап отыр.

Сіздердің назарларыңызға В. Козловтың Youtube сайтындағы М.Шахановқа қатысты айтқан сөздері бар бейнетаспаны ықшамдап ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552