Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3302 1 пікір 17 Маусым, 2020 сағат 14:46

БЖЗҚ-дан миллиардтаған ақша алынды, әлі де алынады

Өмір бойы итіңдеп жұмыс істеген адамдар зейнетақы шотындағы ақшасын ит талағандай қылып алып жатыр. Бейнетемнің зейнетін көрем деп кассаға белі бүкірейіп барған ата-әжелер амалсыздан бар жиғанын жырымдап алуға мәжбүр.

Басқасы басқа, елу жылға жуық еңбек еткен адамдарға пенсияға шығатын уақытта қиянат жасауға болмайды. Шотына қанша ақша жиналды, сол күні толық төлем жасалуы қажет. Әр адамның өз жоспары бар.

Айталық сіз ертең пенcияға шықтыңыз. Жарнаңызда 4-5 миллион жиналып тұр. Судай жаңа бір көліктің құны немесt жыртық үйіңді жамауға жететін ақша. Тіпті болмаса, өміріңде бір рахаттанып қыдыруға жетеді. Бірақ, сізге ол бірден берілмейді. Ай сайын 15-20 мыңнан ырымдап-жырымдап алуға мәжбүрсіз. Обидно ма? Қазақша айтқанда, «мұндай зейнеттің барынан жоғы»,- деп ренжіп жүрген кісілерді көп көремін.

Сондықтан, зейнеткердің маңдай терімен жинаған шоттағы ақшасы бірден берілмесе, онда зейнетақы жарнасы емес, зейнетақы салығы деп танылуы тиіс. Онсыз да он пайыз табыс салығы алынады. Екеуіне екі түрлі айдар тақпай, бірден 20 пайыздық табыс салығы деп бекітілсін.

Мұнайдың қымбат шағында толық төлем жасалды. Кейін қара алтын арзандаған кезде зейнетақы шотындағы ақша екіге бөлініп берілді. Одан соң жер жүзінде жоқ заң шығарып алдық. Кризис-мірезис деп ақырында ауызды қу шөппен сүртті. Заманның сау уағындағы бәрі қарыз бергіш. Шетелдік пысықайларды айтамын. Кризисте кім қарыз берсін, әркім өз жағдайын, өз экономикасын ойлайды. Сорақысы сол, керек емес кезде әлемдегі банктің бәріне қарызданып, қиын-қыстау шақта тілімізді тістеп қалғанымыз тағы бар. Ақырында амалдың жоқтығынан, ретсіз реформалардың боқтығынан қариялардың ақшасына қол салдық.

Мысалы, 2018 жылы БЖЗҚ-дағы 450 млрд теңгені «ҚазАгро» холдингіне деп сұраусыз суырып алды. 15 жылда ол ақша кері қайта ма, қайтпай ма құдай білсін.

Бір анығы, былтыр әлгі құрып кетуге шақ қалған «ҚазАгро» ходингі шетелден алған валюталық қарыздарын жауыпты. Міне, пенсионерлерге тиесілі теңге қалай жұмсалып жатыр деп сұрағандарға жауап. Пайдасынан зияны көп банктер мен холдигтерді капиталдандыруға БЖЗҚ-дан миллиардтаған ақша алынды әлі де алынады. Мұның жауабын Серік Әбденовше айтсақ, потому что, потому что...

Ал, Дмитрий Медведев «денег нет, но вы держитес» депті өз еліндегі зейнеткерлерге. Күту деген керемет, әттең өмір қысқа екенін түсінбейді ғой олар...

Ербол Мандибектің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522