Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2091 0 пікір 15 Қараша, 2011 сағат 12:36

Итальяндық құнды қағаздардың құнсыздануынан Ұлттық банктің валюталық резервтері құны жағынан шамамен $100 млн-ға арзандады – сарапшы

Алматы. 15 қараша. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Итальяндық құнды қағаздардың құнсыздануынан Ұлттық банктің валюталық резервтері құны жағынан шамамен $100 млн-ға арзандады, деп ҚР президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов мәлім етті.

«Назар аударсаңыз: 1 қаңтарда (2011 жылы - ҚазТАГ) Италия үкіметінің облигацияларымен Қазақстан ұлттық банкі балансында Т270 млрд осындай қағаздар болған, яғни, шамамен $1,5 млрд. Қазір олардың кірістілігі екі пайыздай артты - ол дегеніңіз, ол қағаздардың құны 5 пайызға түсті деген сөзі. Яғни, $1,5 млрд-тан екі күннің ішінде біздің резервтер шамамен $100 млн-ға арзандады деген сөз. Бұл жәй ғана қазіргі валюталық жүйенің не екенін көрнекті көрсететін жағдай», - деді В. Додонов сейсенбі күнгі «БЭК қалыптасуы: жағдайы, проблемалары, келешегі» атты ғылыми-практикалық конференцияда.

Бұл ретте ол Ұлттық банк резервтеріне алтын бағасының тербелісі мен басқа да факторлар ықпал ететінін еске салды.

«Яғни, әңгіме іс жүзінде, біздің елдеріміздің ауыр еңбекпен соңғы ондаған жылдары тапқан және қазір халықаралық резервтер деп аталатын әл-ауқаты айтарықтай дәрежеде, дамыған елдердің мемлекеттік қарыздары деген қылдай жіпте ілулі тұр. Ол барлық дерлік резервтік активтерде 100%-дан да артық», - деп ол атап көрсетті.

«Кеше Грекияда басталып, бүгіндері Италияда өршіп келе жатқан проблема, ертең АҚШ-қа жететін болса, онда біздің елдердің әл-ауқаты үлкен күмән тудыратын болады», - деп ҚСЗИ сарапшысы назар аударды.

Осы себептен, дейді В. Додонов, дәл сол мемлекеттік резервтердің аллокациясы Еуразиялық экономикалық кеңістік елдеріне алдағы 10-20 жылда өте өзекті проблемаға айналады. Оның пікірінше, әлемдік қаржы дағдарысының ықпалына тиімді тосқауыл қою мақсатында осы мәселені шешуге БЭК елдерінің негізгі бірлескен күш-жігерін бағыттау керек.

«Осы тәуелділіктен кету тетіктерін қарастыра отырып, атап айтқанда, мемлекеттік резервтердің дамыған деген елдердің қарыздық проблемаларынан сақталуы үшін көпжақты негізде (БЭК аясында - ҚазТАГ) сенімділігі мен өтімділігі жоғары инвестициялық тетіктердің жаңа класын кезеңмен құру идеясын ұсынуға болады. Және, бәлкім, қаржылық жүйесі сау, халықаралық резервтік активтердің балама түріне мұқтаж басқа да ірі мемлекттерді, айталық БРИКС елдерін тарта отырып құру керек болар», - деп атап көрсетті сарапшы.

В. Додоновтың айтуынша, осындай инвестициялық тетіктер бірлескен ірі инвестициялық жобаларға - Қазақстан, Ресей және Беларусия экономикалары мұқтаж жобаларға арналып шығарылуы мүмкін.

«Осылайша, осындай тетіктерді іске қосу нәтижесінде біздің елдеріміз қазір резервтер ретінде пайдаланылып жүрген дамыған деген елдердердің осындай кепілденбеген қағаздарына балама алған болар еді, және сонымен қатар БЭК елдерінің экономикаларын нығайтатын ауқымды инвестициялық жобаларды дамыту, іске асыру мүмкіндігін алған болар еді», - деп атап өтті ол.

Бұл ретте ҚСЗИ сарапшысы Кедендік одақ елдерінің экономикасының маңызды секторларының сыртқы жағдайларға тәуелділігі «ТМД елдерінің экономикасының ағымдағы тұрақтылығына ғана қауіп төндірмей, олардың ұзақ мерзімдік стратегиялық тұрақтылығына қауіп төндіреді». Оның ішінде «ерекше қауіптісі - дамыған елдердің қарыз құнды қағаздарына салынған біздің елдердің мемлекеттік резервтері», - деді В. Додонов.

«Біз валютелық резервтер дегеніміз - Ұлттық банк жертөлесінде жатқан доллардың бумалары емес, Ұлттық банк есепшотында жатқан тиісті мемлекеттердің құнды қағаздары екенін түсінеміз. Егер біз осы салымдарға қарайтын болсақ, онда біздің валюталық резервтер портфелінде бар елдердің қарыздары өте мол екенін көреміз», - деп назар аударды В. Додонов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533