Сенбі, 23 Қараша 2024
2939 0 пікір 17 Маусым, 2020 сағат 16:07

Жақыныңа жанашыр бол: Адамдар аурудың алғашқы белгілерін елемей жүріп алады

Адамдар аурудың алғашқы белгілерін елемей жүріп алады, уақыт оздырып ауру әбден дендеген кезде бір-ақ келеді. Бұл туралы Қарасай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Сәуле Барақбаева тілдесу кезінде айтты.

Дәрігер ауру белгісімен келген науқастарды емдеп жатқандарын айтады. Симптомсыз тіркелгендерді поликлиника ПМЦ емдеп жатыр екен. Сонымен қатар ол, карантин шаралары жеңілдетілген соң ауырғандар саны күрт артқанын жеткізді.

Қазір бізде 62 адам ем қабылдап жатыр. Алматы облысындағы Нарынқол, Кеген, Қарасай, Қапшағай, Жамыбл, Іле және Талғар аудандарында тіркелген науқастардың бәрі бізге жіберіледі.  Науқастардың арасында халі ауыр, орташа және жеңіл түрі де бар. Емді бекітілген қаулы бойынша жүргізіп жатырмыз,-дейді ол.

Біз хабарласқан кезде Сәуле Барақбаева санавиациямен Қапшағай қаласына кетіп бара жатқанын айтты. Ол жақта науқастардан коронавирус белгісі анықталған көрінеді. Сөз арасында ол карантин шараларын күшейту қажеттігін айтты.

Ауруханаға отбасы мүшелерімен түсіп жатқандар бар. Ата-анасы баласымен ем қабылдауда. Көпшілік үйінде отырмай, ары-бері жүріп кетті. Одан кейін аурудың алғашқы белгілері білінісімен медицина қызметкерлеріне жүгінген жөн. Адамдар аурудың алғашқы белгілерін елемей жүріп алады, яғни уақыт оздырып ауру әбден дендеген кезде бір-ақ келеді, - дейді дәрігер.

Қарасай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түскен бір адам қайтыс болыпты. Дәрігердің айтуынша, науқас өте ауыр халде жеткізілген және бір күн болмай аурудан көз жұмыпты.

Симпомсыз жүрген адамдарды тек талдама жасау арқылы ғана анықтай аламыз. Жалпы бұл жерде адамның иммунитетіне байланысты. Біреу вирус жұқтырған соң 14 күннен кейін ауруы мүмкін. Кейбірінде жұқтырған күннің ертеңінде денсаулығы сыр береді. Дегенмен науқастардың 80-85 пайызында аруру жеңіл өтіп жатыр, - дейді Барақбаева.

Дереккөз: baq.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515