Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2098 0 пікір 15 Қараша, 2011 сағат 12:48

Сот «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысының жақтаушыларының сот құрамына білдірген қарсылығын қабыл алмады

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқканов. «Қазатомөнеркәсіп» экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің жақтаушыларының сот құрамына білдірген қарсылығы қабыл алынбады, деп агенттік тілшісі хабарлады.

«Біздің сот құрамын толық өзгерту туралы өітінішімізді қабыл алмады, істі соттың осы құрамы қарайтын болды», - деді адвокат Паллада Тепсаева сейсенбі күні телефон арқылы ҚазТАГ тілшісіне.

Оның айтуынша, адвокат іспен танысқан соң сот келесі отырысы датасын тағайындайды.

Бұрын хабарланғандай, Астананың №2-ші Сарыарқа аудандық сотында сейсенбі күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қозғаған екінші қылмыстық істі қарау басталды.

Еске салсақ, ҚР ҰҚК М. Жәкішевке қарсы қозғаған екінші қылмыстық істі алдын ала тексеру аяқталып, танысу үшін прокуратураға тапсырылған. Прокуратура онымен үш күн бойына танысқан соң, ол істі Астана қаласының Сарыарқа аудандық №2-ші сотына тапсырды.

М. Жәкішевтің мүддесін қорғап жүрген Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, М. Жәкішев бұрын прокуратура жаприялаған барлық баптар бойынша айыпталып отыр.

Еске салсақ, М. Жәкішев пен басқа да лауазым иелеріне қатысты екінші қылмыстық істі ҚР ҰҚК ҚР ҚК 177 бабы 3 тармағының «а», «б» және «г» тармақшасында (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) және ҚР ҚК 176 бабында (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін талан-таражға салу) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеді. Бұл қылмыс мемлекеттік қызметті атқаруға құзырет берілген тұлғамен топ болып жасалған деп айыпталып отыр.

Бас прокуратура құпиялыққа сілтемелеп, М. Жәкішев қандай заңсыз әрекет жасағаны, онымен бірге сотқа кімдер тартылып отырғандығын ашпады.

Өздеріңіз білетіндей, 12 наурызда Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты М. Жәкішевті басқаның сеніп тапсырған мүлкін иеленген (талан-таражға салған) (ҚР ҚК 176-шы бабы) және пара алған (311-ші бап) деп тауып, жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтіндей етіп, 14 жылға бас бостандығынан айырды.

М. Жәкішев «Қазатомөнеркәсіп» президенттігінен 2009 жылы 21 мамырда босатылып, 24-ші мамырда қамауға алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534