«Нұр Отан» партиясының жақтастары лигасы құрылды
Астанада өткен бір топ саясаткерлер мен сарапшылардың жиынында осындай шешім қабылданды.
«Нұр Отан» жақтастары Лигасын» құрудың бастамашы тобы аталған идеяның қоғам тарапынан қолдау табатынына сенімді.
Белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров:
«Қазақстандағы демократияға ұмтылыс ниеті революциялық жолды емес, эволюциялық жолды таңдауы тиіс деп санаймыз».
Біз қандай да бір наразылық, әлеуметтік қайшылық пен толқулар конструктивті тәсілмен шешілуі қажет деген қағиданы ұстанамыз. Себебі, мемлекеттің, қоғамның мәселесі асүйде немесе көшеде, көпірме сөзбен немесе көзсіз әрекетпен шешілмейді. Мұндай мәселелер ашық талқылаулар мен шынайы сынмен және сол мәселелерді түпкілікті шешуге бағытталған нақты ұсыныстар мен мемлекетшіл ұстанымдар негізінде ғана шешіледі.
«Нұр-Отан» партиясының жақтастары Лигасы» аузын құр шөппен сүртпей, елімізде қордаланып қалған мәселелерді еңсерудің ең лайықты формуласын ұсынатын болады. Қоғамда шын мәніндегі әлеуметтік әділдікті, теңдікті, саясатта ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруды, экономикада тұрақтылық пен өсімді қамтамасыз етуді басшылыққа алады.
Abai.kz