Сенбі, 23 Қараша 2024
3248 0 пікір 18 Маусым, 2020 сағат 12:46

Трамп Қытайға санкция салу жөніндегі заңға қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Конгресс қабылдаған, Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы мұсылмандарды қудалағаны үшін жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салуды көздейтін заң жобасына қол қойды.

Ақ үй таратқан мәліметке қарағанда, заң Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да мұсылман азшылықтарына қарсы қысым мен зорлық-зомбылық үшін Қытайдың кейбір шенеуніктеріне санкциялар салуды көздейді.

Трамптың мәлімдемесіне сәйкес, Қытай шенеуніктерінің адам құқығын бұзуы - бұл ең алдымен мұсылмандарды арнайы лагерьге жіберіп, олардың ұлттық және діни ұстанымдарын өзгертуге мәжбүрлеу.

Заңда көрсетілгендей, америкалық арнайы қызмет пен мемлекеттік департамент Конгресске Қытайдағы үйғырлардың жағдайы туралы мәлімет беріп тұруы тиіс. Ал президент 120 күн ішінде санкцияға ілінген қытай шенеуніктерінің тізімін жариялауы тиіс.

Заңда Қытай Компартиясының Шыңжаңдағы лидері, Чен Квангуоның аты-жөні аталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5493