Оның сөзінше, қайырымдылық қорына бүгінгі күнге дейін 194,6 млрд сум (19 млн доллар) түскен. Бұл қаражаттың 11,7 млн доллары 300 мыңнан астам отбасына жәрдем ретінде берілсе, 7 млн долларды 67 мың 296 отбасына қолма-қол берген. Қалған ақша дәрі-дәрмек, медициналық маскалар мен антисептик алуға жұмсалған.
Саодат Боймирзаеваның сөзінше, Өзбекстаннан шыққан ресейлік миллиардер Алишер Усманов аталған қорға 5 млн доллар бөлген.
"Бұл ақшаны 19 009 адамға 250 доллардан бөліп бердік. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін Әндіжан, Наманган, Ташкент қаласы және Ташкент облысы әкімдігі жасап шықты", - деді Боймирзаева.
Abai.kz