Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2022 0 пікір 16 Қараша, 2011 сағат 05:43

Мәжіліс тарап тынды

Нұртай Сабилянов бастап, 53 депутат қостап «осы тойғанымызбен тарқайық» деген тілектері қабыл болды. Бүгін президент мәжілісті таратып, кезектен тыс парламент сайлауын партиялық тізім бойынша 2012 жылдың 15 қаңтарында өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Ал, Қазақстандағы Парламентаризм институты сауалнама жүргізіп үлгеріпті. Сауалнамаға қатысқандардың 40 пайызы мәжілістің тарағаны дұрыс десе, 86 пайызы сайлауда «Нұр Отан» партиясын қолдайтындарын айтыпты.

Депутаттар «тарайық» деген күні порталымызда «Сайлауда қай партияға дауыс бересіз?» деген сұрақ шығарған едік. Сауалнамаға 135 адам дауыс беріп, оның  44 пайызы сайлауға бармайтынын білдірсе, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 31% -«Азат» партиясына, 12 % - «Ақ жол» партиясына, 13% - «Нұр Отан» партиясына cайлауда дауыс беретіндерін жеткізіпті. Сауалнама жалғасып жатыр.

Ал, Мәжілістегі жайлы орындар үшін тартыс басталды...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534