"COVID-19 вирусын жұқтырып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастар арасында өлім көрсеткішін төмендетуге көмектескен алғашқы препарат. Жақсы жаңалық. Ұлыбритания үкіметін, Оксфорд университетін, ғылыми жетістікке үлес қосқан дәрігерлер мен науқастарды құттықтаймын", - деп мәлімдеді ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус.
Зерттеу Оксфорд университетінде жүргізілді. Дексаметазонның клиникалық сынағына 6 мың адам қатысты. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастарды дексаметазонмен емдесе, өлім қаупі 35 пайыз азаяды.
Британ ғалымдарының пікірінше, дексаметазонды пандемия басталғанда қолданғанда, Ұлыбританияда 5 мың адамды өлімнен құтқаруға қалуға болар еді.
Дексаметазон дәрісі қымбат емес. Англияда дәрінің бір қорабы шамамен 5 фунт стерлинг тұрады. Дексаметазон 1960-жылдардан бері ісікті басу үшін пайдаланылып келеді.
Әлемде 8 миллионнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 440 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Abai.kz