Демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімездегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 20-21 маусым күндері, яғни демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізеді.
Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай шешімге келді:
1) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша;
- ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;
- қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне тек ашық алаңда әлеуметтік қашықты сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі;
- қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қою;
- қоғамдық орындардың жұмысын тоқтату: саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер.
- фитнес-орталықтардың қызметін тоқтату;
- 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қою.
2) Халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде:
- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру;
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.
3) өңірлердің бас санитардәрігерлерінің қаулыларына сәйкес Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілген аймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықты сақтау.
Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзімде мәселені шешуді тапсырды:
- медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасында ПТР-тестілеуді қамтуды кеңейту;
- ауруханалардағы жұқпалы және провизорлық орындардың санын арттыру;
- жедел медициналық жәрдем станцияларымен шұғыл және шұғыл шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- үйде отырған пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, ұтқыр бригадалар) жүзеге асыру;
- халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Abai.kz