Сенбі, 23 Қараша 2024
2789 0 пікір 22 Маусым, 2020 сағат 12:30

ҰБТ-ның алғашқы күні 160 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

ҰБТ-2020 басталды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні 6 206 оқушы тест тапсырған. Араларында тәртіп бұзып, тестке жіберілмегендер де бар. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Негізі ҰБТ-ның бірінші күні 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Бірақ 144 талапкер ҰБТ өткізу пунктеріне келмеген. 160 адам ереже бұзғаны үшін тесттен шеттетілген. Тестілеуге кіргізу барысында 2 талапкерде жоғары температура анықталды, олар ҰБТ-ны басқа күні, сауыққан соң тапсыра алады. Сөйтіп, 21 маусымдағы нәтиже бойынша, 6 206 адам ҰБТ нәтижелерін алады. Қатысушыларға электронды сертификат беріледі.

«ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады. Олардың құрамына Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдык аланы» жобалық кеңсе өкілдері кірді.

Биыл ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын

ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды.

Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша: тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам

тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген.

25 тамызға дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзу анықталса, талапкердің тест нәтижелерінің жойылуына әкеледі. Егер сол кезде қатысушыға грант тағайындалған болса, онда ол гранттан айрылады.

Талапкерлерге сәттілік тілейміз!

Шпаргалка дайындаудың қажеті жоқ, тыйым салынған заттарды әкелмеген жөн. Өз күштеріңізге сенімді болыңыздар!»,- деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470