Бұл жөнінде Түркіменстанның ақпарат агенттігі хабарлады.
"Өмірлік энергияңыз бен күш жігеріңіздің арқасында бұл індетті тезірек жеңіп шығатынығызға сенемін. Қиын күндері сізге барынша қолдау көрсетіп, керек болса көмектесуге дайын екенімді жеткізгім келеді", – деген түркімен президенті Назарбаевқа жолдаған жедел хатында.
Қазақстанды 30 жыл билеп, былтыр өз еркімен отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны өткен аптада хабарланған.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан COVID-19 вирусы анықталғаннан кейін Қазақстанның бірқатар шенеуніктері оқшауланған. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің де вирус жұқтырғаны хабарланды.
Ал Түркіменстан билігі елде коронавирус жоқ деп келеді.
Abai.kz