Жұма, 11 Қазан 2024
3573 5 пікір 22 Маусым, 2020 сағат 15:43

Тоқаев парадқа барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін парадқа қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр»,- деп жазды ол.

Айта кетейік, 24 маусымда Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған шеру өтеді.

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 2020 жылдың мамыр айында өтетін шеруге шақырды.

Abai.kz

5 пікір