Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3197 1 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 11:19

Лукашенко Қырғызстанның бұрынғы президенті Бакиевке резиденциясы жанынан жер берді

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевке Минск теңізіндегі өзінің "Заславль–2" резиденциясы жанынан 70 соттық жер берді деп хабарлайды TUT.BY сайты Жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу мәліметіне сүйеніп.

Жер учаскесі 2019 жылдың желтоқсан айында Лукашенкоға өмір бойы пайдалануға берілген аумақтан берілген.

45 соттық жері Бакиевке ауыл шаруашылығын жүргізу үшін, қалған 25 соттығы тұрғын үй салуға бөлінген.

Құрманбек Бакиев 2005 - 2010 жылдар аралығында Қырғызстанды басқарды. Ол Асқар Ақаев үкіметіне қарсы "Қызғалдақ революциясынан кейін" билікке келді. Бірақ 2010 жылдың 7-15 сәуір аралығында Қырғызстанда кезекті рет төңкеріс болып, оппозиция оны биліктен кетірді. Революция кезінде 100-ге жуық адам қайтыс болды.

Бакиев сәуір оқиғасынан кейін Қырғызстаннан қашқан. Қазір ол отбасымен бірге Беларусьте тұрады. Сол елдің азаматтығын алған.

Қырғызстан билігі оны қайтаруды талап етіп жатыр. Ол Қырғызстанда британдық кәсіпкер Шона Дэйлидің өміріне қастандық жасады, қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған. Бұрынғы президент сырттай 30 жылға сотталған әрі оған іздеу салынған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1167
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2691
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 809
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 781