Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6378 5 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 13:31

Бұл індет соғыстан да жаман...

Осыдан бір жұма бұрын бірге қызмет істейтін азаматтың әкесі қайтыс болып, елге сұранып кетті. Мен оған: «Індетке байланысты жағдайдың өте күрделі екенін, мүмкіндігінше ағайындар топырламай, кейін де көңіл айта береді ғой, соны дұрыстап түсіндірерсің. Үйде мүлде дастархан жаюға болмайды. Айналайын соны ескерерсің», дегенмін.

Өкінішке орай естігенім, топырлаған бірнеше жүз адам жиналған. Асты-үсті дастархан жайылған. Аяғында Нұр-Сұлтан қаласынан сап-сау барған, Мен: «Қайтыс болған адамды қайтып тірілте алмайсыңдар, сақтық шараларын сақтаңдар», деп өтініш айтқан азамат әйелімен бірге індет жұқтырып, ауруханадан бір ақ шықты. Демек сонда жиналғандардың көпшілігі індет жұқтырды деген сөз.

Ағайын бұл індет соғыстан да жаман. Соғыста жауыңды көресің ғой, ал бұл мылтықсыз майдан. Ағайынға, өзіңе, отбасыңа жаның ашыса жақындама!

Той дегенді бастан шығарып таста! Қайтыс болған адамды ең жақын деген туыс бес-алты адам да жерлейді. Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Барынша сақтан! Өз өмірің өз қолыңда екенін ұмытпа.

Мұрат Бақтиярұлының жазбасы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320