Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4612 2 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 16:11

COVID-19. Жерлеу қалай жүріп жатыр? Шұғыл шара қажет!

Ел аумағында індет шеңгеліне ілінбеген елді мекен қалмады. Бүгінде вирустың өкпеге өтуінен пневмониядан көз жұмғандардың саны сағат сайын артып жатқаны анық. Оның үстіне ескі созылмалы ауруларды қозғап, бүйрек, жүрек, қан қысымы т.б. дерттерден де бақиға қаншама отандасымыз аттанды. Енді осы қайтыс болған жандарды ақтық сапарға шығарып салу қалай өтуде?

Сарығаш қаласындағы медресенің директоры Әбдуғапар Сманов қайтыс болып, оның жаназасына нөпір халық қатысқаны жайлы бейнематериалды көргенде жан түршікті.

Біріншіден, желіден тараған ақпараттан және марқұмның соңғы дыбыс жазбасынан оның әлемге тараған індет тырнағына ілініп қиналып жатқанын естідік. Яғни Сманов марқұм COVID-19-дан қайтыс болған. Тәртіп бойынша мүрде туысқандарына берілгенімен үйге апарып жуындыруға болмайды да, денені ауруханадан бірден зиратқа алып кетіп жерлеу ләзім. Және мұндай жағдайда сыртынан қара қапшық кигізіліп, зарарсыздандырылып барып, барлық сақтық тәртіптері бұлжымай орындалуы тиіс. Ал жаназада халықтың марқұмды төбесіне қойып, соңғы сапарға шығарып салған бейнежазбадан мұның бірінің сақталмағанын көреміз.

Екіншіден, қазір жер-жерде туыстарын жоғалтқан адамдар, COVID-19-дан емес, пневмониядан немесе басқа бір аурудан қайтты деп марқұмдарды қара жер қойнына аттандырарда сүйекке 7 адам түсіріп мәйітті жуындырып, кебіндеп жөнелтуде. Бұл жерде жуындырған жандарға ауру жұқпай ма?

Сарыағаштық дін өкілі қайтыс болғанда сүйекке түскен адамдардың сол жаназадағы нөпір халықтың ортасында жүргені анық. Ендеше ауру таралуының басты ошағының бірі- жаназа болуда.

Бүгін әлеуметтік желіде маңғыстаулық бір ауданның азаматтарының жаназада сүйекке адам түсірмей, көпшілік жинамай ақтық сапарға тек ет жақындарының ғана шығарып салуын үндеген жазба тарады. Өте дұрыс, ел болып қолдайтын, індеттің өршуіне тосқауыл қоюдың амалы деп санаймыз.
Осы ретте еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі барлық қалалар мен кенттерде, ауылдардағы ауруханаларда, және үйлерінде қайтыс болған адамдарды жөнелтудің рәсімін нақтылау қажеттігі туады. Марқұмның Ажалы турасындағы куәлік-құжатта вирус кесірінен қоздаған мынадай дерттен көз жұмды деген анықтама берілуі жедел түрде қолға алынбаса, халықты індет құрығынан сақтау деген бос әңгіме, далбаса болып қалмақшы. Ал қолда құжат жоқта жақындары ештеңеге көнбей, сүйекке адам түсіріп, жаназаға көпшіліктің қатысып, аурудың өршуіне кең даңғыл ашылады.

Барлық жақындарыңыздың, өзіңіздің, халқыңыздың мына індеттен аман қалуын тілесеңіз, бөлісіңіз. Елге жетуіне үлес қосыңыз. Сондықтан да ешқайсыңызды белгілемедім, жақыныңызға жаныңыз ашыса жеткізе білейік. Бұл-тажал індет болып тұр.

Шұғыл шара қабылдануы тиіс!

Анар Төлеуханның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364