Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4664 6 пікір 4 Шілде, 2020 сағат 17:58

Covid-19. «The New York Times» мақаласы

Бүгін әлеуметтік желіде «Қазақстан коронавирус бойынша әлемнің алдына шықты», деген ақпарат тарады. «The New York Times» гәзеті солай деп жазыпты. Естіген жұртты екіұдай ойға жетелейтін бұл ақпарды біз де шошына оқыдық. Шынымен солай ма?

Азды-көпті ағылшыншамызбен, «The New York Times» мақаласын қазақшаға қотарып көрдік. Шетелдік басылым не дейді? Әлемдегі ахуал қандай? Әлгінде ғана министр ауыстырып, ертеңнен бастап қатаң карантин жариялаған Қазақстанда жағдай қалай? Сонымен, The New York Times мақаласы:

«Коронавирус картасы: Әлемдегі індеттің өршуін бақылау» 

(Еркін аударма)

Ресми мәліметтер бойынша коронавирусты әлемде 11 057 800 адам жұқтырған. Сенбі күнгі, таңғы уақтағы дерек бойынша кемі 526 мың адам көз жұмған. Жоғарыдағы карта көрсеткендей, вирус әлемнің барлық еліне тараған.

(Worldometers.info дерегі бойынша әлемде вирус жұқтырғандар - 11 211 947 адам. Қайтыс болғандар - 529 492 адам - Abai.kz)

Індеттің жылдам өсіп жатқаны туралы дерек: Көкшіл түс – індеттің таралуы төмендеген елдер. Ал сары түс – жағдай өзгермеген елдер. Сарғыш, қызыл сары, және қызыл түс – індет өршіп бара жатқан елдер. Және сұр түс – індет тіркелмеген немесе мүлде жоқ жерлер.

(Дереккөзі: Жергілікті билік органдары, Джон Хопкинс Университеті, ҚХР Ұлттық комиссиясы мен ДДСҰ.)

Коронавирус пандемиясы алғашқы кезеңде қатты зардап шеккен кейбір елдерде қазір біраз бәсеңдеген. Алайда, жаңадан індет жұқтырғандар саны бұрынғыдан гөрі қатты қарқын алып тұр. Күн сайын індет жұқтырған 100 мың адам тіркелуде.

New York Times деректер базасындағы мәліметтерге сүйенсек, соңғы 2 аптаның ішінде індет жұқтырғандары саны өскенін хабарлаған елдер 2 есеге көбейген. Ал 17 маусым күні әлем бойынша ең жоғары дерек тілкелген: 166 099 адам. Бұл Латын Америкасы, Африка мен Таяу Шығыста жаңа індет ошақтарының ашылуымен байланысты болуы мүмкін.

Әлем бойынша індеттен қайтыс болғандардың 4/1-і АҚШ-та тіркелген. Алайда пандемия картасы жылдам өзгеріп отыр.

Қай жерлерде өсім байқалады?

Осы елдердің барлығында соңғы 14 күннің ішінде ковид өскені басқалады.

Қай елдерде ковид көрсеткіші ұқсас?

Қай елдерде індет көрсеткіші төмендеген?

Сәрсенбі күні Бразилия 32 мың жаңа фактіні жариялады. Осылайша әлем бойынша бірінші орынға шықты. Ал АҚШ екінші орында. 25 мың жаңа факті. Індеттің бетін қайтаруға бағытталған шараларды дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін осы екі елдің де басшылары қоғам сынына ұшырады.

Бейсенбі күні Калифорния мен Флорида штаттары вирус жұқтыру бойынша бір күндегі ең жоғарғы деректі тіркеді. Ал New York Times базасы бойынша Техас індеттілер саны 100 мың адамнан асқан алтыншы штат болды. Онда соңғы бір айда көрсеткіш екі есеге көбейген.

Вирус әлемнің басқа да мемлекеттерінде өршіп барады. Егер алғашқы кезеңде эпицентрлер Қытайдың Ухань қаласы, Иран, Италияның солтүстігі, Испания мен АҚШ-тың Нью-Йорк қалалары болса, қазір бұл вирус әлемнің барлық елдеріне тарап үлгерді. Ал карантиннен кейін экономикаларын қайта тірілте бастаған елдерді ескеретін болсақ, вирустың таралуы қауіп жоғары.

Мысалы, алғашқыда өзінің 1,3 миллиард адамын карантинге қамаған Үндістан қазір індеттің өршіп тұрғанына қарамастан барлығын ашты. Ал сәрсенбі күні онда індет жұқтырғандардың саны күрт өсті. Сондай-ақ, көршілес орналасқан Пәкістан мен Бангладеште де жағдай мәз емес.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкада 100 күннің ішінде індеттілер саны 100 мыңға жетсе, оны екі еселеу үшін 19 күн жеткілікті болғанын айтады. Қазіргі таңда Оңтүстік Африкада күн сайын 1 мың адамнан тіркеліп отыр. Бұл осыдан екі апта бұрынғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын індеттің бәсеңдегенін айтқан Израиль, Швеция мен Коста-Рика секілді елдердің өзінде қазір жағдай нашарлаған.

Әлемде жаңа тіркелген деректер:

Қайтыс болғандар көрсеткіші:

АҚШ-тағы жағдай

Сенбі күнді мәлімет бойынша, АҚШ-тың барлық штаттарын есептегенде 2 811 900 адам індет жұқтырған. 129 400 адам қайтыс болған.

Сіз не істей аласыз?

Сарапшылардың пікірінше, Covid-19-дың жедел өсуіне бірнеше жағдай себеп бюолып отыр. Ескеруге тиіс ең маңызды 4 фактор:

1) Індет жұқтырған адамға қаншалық жақын келдіңіз?

2) Ол адаммен қашаннан бері біргесіз?

3) Оның сізге індет жұқтыру қаупі қаншалық?

4) Күніне неше рет тер-тер қолыңызбен бетіңізді сипайсыз?

Сіз бірнеше негізгі ережені сақтай отырып, өзіңізді ғана емес, айналаңыздағыларды да қорғай аласыз!

  • Қашықтықты сақтаңыз. Сіздің отбасыңызға қатысы жоқ адамдардан алты фут (біздің елде бұл 1,5 - 2 метр деп белгіленген - Abai.kz) алыс болыңыз.
  • Қолыңызды жиі жуыңыз. Бөгде адамдармен қол беріп амандасқан соң, қолыңызды кемі 20 секунд сабындап жуыңыз.
  • Бетіңізді сипай бермеңіз. Вирус қол арқылы әуелі мұрын, ауыз және көз арқылы тарайды.
  • Үйден шыққанда міндетті түрде бетперде киіңіз. Бетперде сізді емес, сіздің айналаңыздағыларды сақтайды. Бетперде кию арқылы біз бір-бірімізді құтқарамыз.

Бұл New York Times мақаласы. Ал Қазақстандағы бүгінгі деректер бойынша бір тәулікте 1644 адамнан індет анықталған.

Сoronavirus2020.kz сайтының дерегі:

Расталғандар - 45 719 адам,

Жазылып шыққандар - 15 404 адам,

Қайтыс болғандар - 188 адам.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364