Бейсенбі, 9 Қазан 2025
3077 2 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 12:05

Грузиядан Қазақстанға өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді

Грузиядан Қазақстанға өкпені жасанды желдетуге арналған 10 аппарат жеткізілді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Бүгін Тбилисиден Алматыға «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді.

Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, «Грузия индустриялық тобының» басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді, - деп жазды СІМ-нің ресми сайты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 759
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9737