Жұма, 22 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 12515 24 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 18:12

Отпен ойнамаңыз, Көлгінов мырза!

Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді екен. Бұл ақпаратты елорда әкімдігі таратып отыр. Мерекелік отшашу бүгін сағат 23:00-де онлайн көрсетілмек.

- Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Тікелей эфир сағат 23:00-де Хабар24 телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады.

Отшашуға бюджеттен ақша бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

Тұрғындар санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиіс, - деп жазды әкімдік ресми сайтында.

Қазір Қазақстанда 48574 адам коронавируспен ауырып жатыр. Қайтыс болғандар саны 200-ден асып кетті.

Кеше, 5 шілдеде елімізде 1403 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 95 адам анықталып, қаладағы індет жұқтырғандар саны 5889-ға жетті. 61 адам көз жұмды.

Еліміз аумағында коронавирустың өршіп тұрғаны осыдан-ақ белгілі. Пневмониядан қайтыс болғандар қаншама? Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел үкіметі тағы да карантиндік шаралар енгізді. Осындай қиын кезеңде қала күнін тойлау не үшін керек болды?

Онлайн өтетін от шашу жайлы айтып отырмыз, әу баста қала әкімдігі «Астана күнін» дабыралы түрде өткізгісі келген. Әкімдік жоспалаған мерекелік іс-шаралардың тізімі де жарияланған. Тек қоғамдық қарсылықтан кейін ғана бұл шаралар онлайн режимге көшірілген еді.

Енді қазақ билігі қоғамның наразылығына қарамастан, мерекелік отшашу атқалы отыр екен. «Отшашуға бюджеттен ақша бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады» деп ақталған болыпты. Мұнысы көпшілік «қаржыны қала күнін тойлауға емес, дәрі-дәрмекке жұмсау керек» демес үшін алдын-ала сақтанғаны екені анық.

Бірақ қаржы қайдан келсе де, отшашу астана төрінде болғалы отыр. Мәселе тек қаржыға тіреліп тұрған жоқ. Бұл отшашу дегеніңіз көп жағдайда көңілді, мерекелі сәттерде атылады. Ендеше бейбіт күнде бірнеше жүз адам індеттен көз жұмып, елу мыңға жуық адам ауырумен арпалысып жатқанда отшашу шашып, той тойлау адамшылыққа жата ма?! Жақынынан айырылып, қара жамылып, қайғы жұтып отырған жанға отшашу шашып, көңіл көтерген жараса ма?!

Қауіпті вирус пен тұрмыс таршылығы қос бүйірден қысқан халыққа керегі отшашу емес. Осы қарапайым ғана қағидағы астана әкімдігі мен Алтай Көлгінов мырзаның түсіне алмағаны таңқалдырады...

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322