Санкцияға сәйкес, Қытайдың Шыңжаң аймағының губернаторы Чэн Цюаньгоға, аймақтың саяси және заң комитетінің бұрынғы басшысы Зу Хайлунға, қауіпсіздік саласы жетекшісі Ван Мингшэнге және Шыңжаңның қауіпсіздігін бақылаған бұрынғы жетекшісі Хуо Лучюнға Құрама Штаттарға виза берілмейді. Олардың АҚШ-тағы мал-мүлкі қамауға қойылады.
Президент Дональд Трамп Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды аймағындағы мұсылмандардың қуғындалуына байланысты жоғарғы қызметтегі шенеуніктерге санкция салуға мүмкіндік беретін заң жобасына қол қойған.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен бірқатар Батыс елдері Қытай билігі Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және қырғыз сияқты ислам дінін ұстанатынын этностық топтарды "саяси тәрбие лагерлеріне" негізсіз қамап отырғанын айтып келеді. Осыған дейін Қытайдан келген ондаған қазақ және қырғыз Шыңжаңдағы туыстары лагерлерде қамалып жатқанын айтып, биліктен көмек сұраған.
Қытай билігі Шыңжаң тұрғындары діни және саяси көзқарасы үшін қуғындалып жатқанын теріске шығарып, лагерлер тек жаңа кәсіпке үйрету орталығы деп келеді.
Abai.kz