Осыған дейін Трамптың адвокаттары президентке қылмыстық іс қозғауға, тергеуге болмайтын арнайы мәртебесі бар екенін мәлімдеген.
Трамптың құжаттарын тексеру жөніндегі бұйрықты Манхэттен округының прокуроры Сайрус Вэнс алды. Нью-йорктегі Mazars LLP бухгалтерлік фирманы, Deutsche Bank және Capital One америкалық банкі соңғы тоғыз жылдағы салық декларациясын тиісті органдарға беруі тиіс. Олар Жоғарғы сот шешімін орындап жатқанын мәлімдеді.
Вэнс екі әйелге құпия қаржы аударғаны жөніндегі мәліметті тексеріп жатыр. Олар Трамппен байланысы барын жасыру үшін ақша алды делінеді.
Бұдан бөлек Трампқа қарсы шағымды Конгресстің үш бірдей комитеті түсірді. Олар президенттің табысы жөніндегі ақпаратты ашуды талап етеді. Бірақ қараша айында президент сайлауы өтпейінше, Конгресс Трамптың салық декларациясы жөніндегі мәліметке қол жеткізе алмайды.
Трамп болса сот шешімін "саяси қудалау" деп атады. Ол твиттерге саяси коррпуцияға батқан Нью-Йоркпен күресуіне тура келетінін жазды.
2015 жылдың маусым айында сайлауға түсер алдында Трамп байлығы 8 млрд 800 млн доллар екенін жариялаған. Бірақ Forbes журналы Трамптың дәулетін екі есеге аз көрсеткен.
2020 жылдың сәуір айында Forbes президенттің байлығын 2 млрд бір млн долларға бағалаған. 2019 жылмен салыстырғанда бір млрд долларға азайған.
Abai.kz