Мәжіліс депутаттары сайлауының бюлетеньдері Ұлттық банктің банкноттар фабрикасында жасалады
Астана. 24 қараша. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының бюллетеньдерін «ҚР Ұлттық банкінің банкноттар фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басып шығарады.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында осындай қаулы қабылданды.
«Сайлау бюллетеньдерін жасау үшін келесі баспаханалар белгіленсін: парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына РМК шаруашылық жүргізу құқығымен «Ұлттық банктің банкнот фабрикасы, мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына аймақтық ұйымдар», - деді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов бейсенбі күні отырыс барысында.
Астана, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін бюллетеньдерді «АстанаПолиграфия»; ШҚО, Қарағанды, Павлодар облыстары үшін - «АРКО» ЖШС; Алматы, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстары үшін «Типография АБК» ЖШС; БҚО, ОҚО, Жамбыл, Қызылорда облыстары үшін «Жамбыл баспа орталығы» ЖШС жасайды.
«Бұл баспаханалардың жұмыс тәжірибесі бар. 2007 жылы біз оларды мәслихаттар сайлауына сайлау бюллетеньдерін жасауда пайдаландық», - деді Б. Мелдешов.
Ол бюллетеньдердің бәрінде қорғаныстың қажет деңгейі болатынын айтты.